20-22 маусым аралығында Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасында «Ашық есік күні» өтеді. Тұрғындар кардиолог-дәрігерлерге тегін қаралып, кеңес ала алады, - деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.
Ашық есік күнінде 100-ге жуық облыс тұрғыны тегін кеңес алады деп жоспарланып отыр. Мамандар келушілерді Клиникалық-диагностикалық емханада сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін күтеді, ал түскі үзіліс - 13:00-14:00 аралығы.
Қабылдауды жоғары мамандандырылған және біліктілігін арттырудан өткен көпжылдық тәжірибесі бар дәрігерлер жүргізеді.
Дүйсенбі, 20 маусым күні – кардиолог – аритмолог Қыдырбаев Асхат Махмұтханұлы.
Сейсенбі, 21 маусым күні - кардиолог Закарина Динара Маратқызы.
Сәрсенбі, 22 маусым күні – кардиолог Ақнұр Маратқызы Алдаберегенова қабылдайды.
Өзіңізбен бірге барлық қолжетімді медициналық тексерулерді, соның ішінде электрокардиограмманы, эхокардиографияны және т.б құжаттарды алып келесіз.
Мекен-жайымыз: 26 шағынаудан, Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы
Алдын ала жазылу үшін мына телефон нөміріне хабарласу қажет: 8 705 729 60 81.
Еске салайық, кардиологтар алғашқы белгілерді анықтап, медициналық көмекке жүгінуді ұсынады:
Уақытылы диагноз қою және дұрыс емдеу аурудың алып, асқынуына жол бермейді.
Өзіңізге қамқор болыңыз, жүрегіңізді тексертіңіз!