19 маусымнан бастап №3 қоғамдық көліктің жүру бағытына өзгерістер енгізіледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің айтуынша, енді №3 маршруты "Олжа" сауда орталығынан 30 және 19 шағынаудан аралығына бұрылмай, бірден 28 және 29 шағынаудан аралығына бұрылыс жасайтын болады.
"Аталған өзгеріс автобустардың 30 және 19 шағынаудан аралығынан кері айналу маневрін жасау жол қауіпсіздігіне кері әсерін тигізетіндіктен жол полиция басқармасы тарапынан түскен нұсқаулық негізінде жасалуда", - дейді Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.