«Аmаnат» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Miras» азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Отырысқа «Amanat» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Н.Қарасаев, «Miras» азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Шамшадинова, кеңес мүшелері, Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Г.Төлеуғалиева және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде биыл облыс көлемінде атқарылатын мәдени-бұқаралық шаралар және 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының Маңғыстау облысы бойынша жол картасының «Тарих пен мәдениетке бай аймақ» бағыты бойынша атқарылған жұмыстары тыңдалды.
Кеңесте мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Гулзайда Бектұрқызы баяндама жасады. Оның айтуынша, Маңғыстау облысының мәдениет, өнер және архив жүйесі бойынша жыл басынан бері мекерелік даталар мен мерейтойларды қамтитын барлығы 6782 мәдени-бұқаралық іс-шара жоспарланып, 4042 іс-шара өтті. Қамтылған көрермен саны – 206 396.
Биыл жоспарланған шаралардағы басымдық Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 30 жылдығы, Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл, Балалар жылына сондай-ақ мерейтойлар Ұлы жазушы, қоғам қайраткері М.Әуезовтың 125 жылдығы, ақын, ғалым, әбебиет зерттеушісі А.Байтұрсыновтың 150 жылдығы, қазақтың бұлбұлы Р.Бағланованың 100 жылдығы, Д.Қонаевтың 110 жылдығы, батыр Т.Бигелдиновтың 100 жылдығы, мұнайшы Рахмет Өтесіновтың 95 жылдығы т.б. шараларға басымдық беріле отырып, облыс мәдениетін жандандыру, мемлекеттік деңгейде насихаттау бағытындағы «Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы іс-шараларға бағытталды.
Сонымен қатар, Г.Төлеуғалиева «Amanat» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа – лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының 2021-2025 жылдарға арналған жол картасының «Тарих пен мәдениетке бай аймақ» бағыты бойынша 2022 жылдың қаңтар-мамыр айы аралығында атқарылған жұмыстар туралы айтып өтті.
Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау барысында баяндамашыға кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Шара соңында, Нұрбек Қарасайұлы «Мiras» азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері Есберген Іңірбайұлын, Ерімбет Әділұлын және Есен Күмісқалиұлын қажымас еңбегі үшін алғыс хатпен марапаттады.