Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай 14-шағынаудан тұрғындарынан құралған ынталы топпен жүздесті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұрғындар абаттандыру, спорт және ойын алаңдары, жасыл-желектерді суару, тұрғын үйдің жылу жүйесі сынды мәселелерін қозғады. Қала басшысы тұрғындар шағымының негізінде жауапты қызметкерлерге бірқатар тапсырма беріп, хаттамаға енгізілді. Орындалысы бақылауда болмақ.
Айта кетейік, қала әкімі бастаған жұмыс тобының кездесуі жөнінде әкімдіктің парақшаларында хабарланды. Тұрғындармен кездесу өзге де шағынаудандарда жалғасады.