Бүгінгі таңда 555 тонна қант қоры бар, сауда желілерінде - 335 тоннасы болса, тұрақтандыру қорында - 220 тоннасы тұр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жанна Тоқбаева мәлімдеді.
- Қаланың сауда желілері Алматы облысындағы Көксу қант зауытымен шарт жасасты. Нәтижесінде Ақтауға 408 тонна қант жеткізіліп, бір килограмы 450 теңгеден алынып, 500 теңгеден сатылуда. Сонымен қатар, "Каспий "ӘКК"АҚ Тараз зауытымен және "Азық-түлік корпорациясы" АҚ-мен 204 тонна қант алуға келісім-шарт жасасты. Жақын арада ол Ақтауға келеді, - деді Жанна Тоқбаева.