Форт-Шевченко қаласында «Жасыл ел» жастар жасағы еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бағдарлама аясында 160 жас еңбек етеді. Олар екі айда туған жерін абаттандыру, тазарту, көркейту бағытында жұмыстарды жүргізеді.
Еңбек маусымының ашылу салтанатында Форт-Шевченко қаласының әкімі Бауыржан Молдабеков «Жасыл ел» жастар жасағының жұмысына сәттілік тілеп, маусымның ашылуымен құттықтады.
Содан соң бірінші маусымның жасақ мүшелері ел мен жерді гүлдендіруге өзге де жастарды шақыратын үндеу жасады. Салтанатты шара соңы жасақ мүшелерінің концерттік бағдарламасына ұласты.