Олар ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабында көзделген 3 АЕК мөлшерінде айыппұл төледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ДП-ға сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, республикалық маңызы бар Ақтау-Шетпе тас жолында 220-ға жуық иесіз жануар жолдың жүріс бөлігі арқылы өткен. Полицейлер үй жануарларын арнайы орынға айдады.
Бұған дейін біз соңғы 10 күнде жануарлардың қатысуымен 3 ірі жол-көлік оқиғасы орын алып, 6 адам қаза тапқанын жаздық. Мамандардың айтуынша, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында аталған іс-шаралар тұрақты түрде өткізілетін болады.