Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде сағат 16:13 шамасында “Қаламқас” мұнай-газ кен орнына қарасты аймағының қиыршық тас жолында «Газель» автокөлігі тоқтатылды.Т ексеру барысында полицейлермен заңсыз ауланған салмағы 34 келі 100 граммды құрайтын “Бекіре” тұқымдас балық, үрлемелі қайық, сондай-ақ балық аулауға арналған жылым тәркіленді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 37 жастағы азаматқа қатысты аталған дерек ҚР ҚК 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тіркелді. Өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді.