Мұнайлы ауданы прокуратурасының бастамасымен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету негізінде азаптауларға қарсы іс-қимылды жетілдіру аясында құқық қорғау органдарымен ведомствоаралық жиналыс пен азаматтарды қабылдау өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған шараға Маңғыстау облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі өкіл, Мұнайлы ауданы полиция бөлімі және аудандық пробация қызметінің басшысы қатысты.
Жиында ұсталған азаматтарға қатысты тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция ғимаратының бірінші қабатында ашық әйнек қабырғалармен, үздіксіз жұмыс істейтін бейнебақылау камералармен жабдықталған арнайы кабинеттер жасау мүмкіндігі, сондай-ақ азаматтарды бірлескен қабылдауларын айына кемінде бір рет өткізу жоспарлауды және адам құқықтары жөніндегі уәкілдің аумақтық өкілдерін және олардың байланыс телефондарының мәліметтерін Мұнайлы ауданы Полиция бөлімінің ғимаратында орналастыру мүмкіндігін қарастыру мәселесі талқыланды.