Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жыл бойынша жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеуі 2023 жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізілетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Көлік құралдарына салынатын салықтың көлемінің сомасын kgd.gov.kz web-порталында орналыстырылған салық калькуляторының көмегімен немесе «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында дербес есептеуге болады.
Сонымен бірге, салық органдарымен есептелген алдағы төленетін көлік құралдарына салынатын салықтың сомалары «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшаның пайдаланушыларына PUSH-хабарлама түрінде наурыз айында жіберілмек.
Есептелген салық сомаларын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Электронды сервистер»→«ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі» сервисінде, сондай-ақ «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшасынан көруге болады.