Бұл - Қазақстанның отбасылық-демографиялық саясатының күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі. Өйткені, зорлық-зомбылық өткір әлеуметтік проблема ретінде жәбірленушілердің өздеріне етіп қана қоймайды, сонымен бірге жалпы қоғамдық тұрақтылыққа және әлеуметтік тәртіпке қауіп төндіреді.
Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында жыл сайын 25-ші қарашасы мен 10-шы желтоқсан аралығында «Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою» күні аталып өтеді. «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясына арналған іс-шаралар жоспары үкіметтік емес ұйымдар, білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармаларымен келісіп дайындалып өткізіледі.
Акцияның мақсаты - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмауға және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасыныңоның ішінде әйел-ананың рөлін нығайтуға,сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған,мемлекеттің қабылдап жатқан шаралары туралы халыққа кеңінен таныстыру.
Әйелдер мен балалардың құқықтарың қорғау мақсатында Парламент депутаттары мен үкіметтің қолдауы арқасында «111,150,102» сенім телефоны жұмысын бастады, «111» телефоны тәулік бойы, тегін, қызмет етеді. Сонымен қатар, Маңғыстау облысы аумағында зорлық-зомбылық құрбандарына арналған «РАЙ» шұғыл әлеуметтік көмек көрсету орталығы» мен «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған сектор» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» деп аталатын 2 (екі) дағдарыс орталығы бар.
Тұрмыстық жағдайлары қиын отбасыларын жасөспірім балаларының тәрбиесімен айналыспайтын, немесе білім алуына қадағалау жүргізбей, үнемі спирттік ішімдіктерді ішіп, қоғамға кері әсерін тигізетін ата-аналарды анықтап, қорғау нұсқамасы қойылып, ай сайын жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторы, ювеналды полиция тобының инспекторларымен және де тиісті атқарушы органдармен профилатикалық жұмыстар жүргізіледі, ҚР ӘҚБтҚ-нің 73-бабына «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» сәйкес әкімшілік хаттама жасақталып, сотқа жолданады.
Биыл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізді, оның ішінде «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» үшін отбасы тұрмыстық қарым қатынас саласында жасалатын құқық бұзушылыққа қарсы жазаны қатаңдатуды тапсырды, аталған заң 2024 жылы 15 маусым күні қүшіне енді. Яғни, ҚР ӘҚБтК-де болған 73-1 бап, 73-2 баптарын, ҚР ҚК-нің 108-1бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) және 109-1 (ұрып-соғу) бабы ретінде өзгертілді.
Ақтау қаласы Полиция басқармасы ескертеді: Тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі. Кей отбасылар жасырып-жабуға тырысқанмен, ол мыңдаған адамның басындағы бар жағдай. Статистикаға сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегетіндердің көпшілігі – әйел адамдар. Уақытылы көрсетілген көмек қайғылы жағдайдың алдын-алуға көмектеседі. Көмек сұраудан ұялмаңыз, қатыгездер жазалануы тиіс!
Ақтау қаласы Полиция басқармасы
Жергілікті полиция қызметі бөлімі
Әйелдерді зорлық
зомбылықтан қорғау тобы