• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 14 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07  |  Жаңалықтар

    ©

    Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Ралли Казақстан - 2017» алғашқы этабын өткізді. Сайыс Ақтау қаласынан Форт-Шевченко бағытындағы 35-шақырымнан бастау алған еді. Өңірді қалың тұман басуына байланысты этап белгіленген мерзімнен екі жарым сағатқа кешікті. Дегенмен жарыс күні өте сәтті өтті деуге болады. Қатысушылар рет бойынша әрқайсысы екі минут сайын жарыс жолына аттанып отырды. Шығарып салушы топ оларды мәре сызығында күтті. Автошабандоздар барлығы 337 шақырым жарыс жолын артқа тастады. Оның 268-і нағыз тартысқа толы бәсеке кезеңі болды. Араға 2 сағат 35 минут салып ең бірінші жолға шыққан катарлық Nasser Al-Attiya бастаған экипаж финишке жетті. Ал тоғызыншы ретпен жолға шыққан маңғыстаулық экипаж бесінші болып мәре сызығын кесті. Бірақ әзірге сайыс қорытындысы жарияланған жоқ. -Таңертең аздап ауа райы қолайсыздық тудырғаны болмаса, бүгінгі жарыс күні қызықты өтті деуге болады. Қалың тұман салдарынан тікұшақ әуеге көтеріле алмады, жарысты бастау үшін тұманның басылғанын күтуге тура келді. Спортшылардың жағдайы жақсы, бірақ жол үстінде бір-екі автомобиль бұзылды. Техникаға ештеңе істей алмаймыз ғой. Мен негізі бұл жарыстың ұйымдастырушыларының бірімін. Бірақ бұл жолы қатысушылар қатарындамын. Сол себепті жолды, бағыттарды дайындауға араласқан жоқпын. Олады ұйымдастырушы топтағы өзге қызметкерлер дайындады, - дейді қатысушылардың бірі, ҚР Автомотоспорт Федерациясының президенті Марат Әбіқаев. Марат және ұлы Нұрсұлтан Әбіқаевтардың экипажы финишке жетер тұста жылдамдығын бәсеңдетіп, жанкүйерлерді біраз алаңдатқан болатын. Бұл жайында пилоттың өзінен сұрағанымызда: -Шынымды айтсам, жылдамдықтың азайғанын байқамаппын (күліп). Бұл қалыпты жағдай. Біз жолды білмейміз, алғаш рет жүріп отырмыз, онда қауіпті ойыстар болуы мүмкін.  Солардан сақтану үшін жылдамдықты бәсеңдетеміз, - деп жауап берді. Сондай-ақ, жарыстан соң көлігін тұраққа әкеліп, дамыл алып отырған сәтте шетелдік сайыскерлерді де сөзге тарттық: -Спорттық көлікте сыртқа көз жүгіртіп, өлке табиғатын тамашалап үлгермедік. Алдымыздағы жолды ғана көре аламыз. Дегенмен теңіз көріністерін көзім шалып қалды. Өте керемет! – деп, жарыс аяқталған соң чехиялық автошабандоз Мирослав Заплетал өз әсерін жеткізді. Әлемдік жарыстың елімізде, облысымызда өтіп жатқанын ақпарат құралдары арқылы, таныстары  арқылы естіген тұрғындар бірте-бірте жарыс алаңында бой көрсете бастады.  Олардың жүректеріндегі патриоттық рухты, жүздеріндегі жалынды байқаған біз пікірін сұрамай өте алмадық. -Жаңа ғана достарымнан естідім жарыс болып жатқанын. Сосын бала-шағаммен, достарыммен бірден осында келдік. Жарысты тамашалап, қазақстандық, оның ішінде маңғыстаулық қатысушыларға қолдау көрсетіп, жанкүйер болып тұрмыз. Осындай шаралар елімізде көптеп бола берсін, сонда жастардың, халықтың спортқа деген қызығушылығы арта түседі. Жарыс өте жақсы өтуде, бізге ұнап жатыр, - дейді Сайын Шапағатов ауылының тұрғыны Талғат Көшбаев. Өткен жылғы Әлем Чемпионатында үздік ондыққа ілінген Юрий Сазонов бастаған экипаж сайыстың алғашқы күнін сәтті аяқтады деуге толық негіз бар. Оған жерлесіміздің мына сөзі дәлел: - Старттан финишке дейінгі аралықтағы әсерді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жолды өте жақсы жүріп өттік. Өзге қатысушылардан да естіп жатырмын, жол өте ыңғайлы болды. Бүгінгі күн тез өтіп кетті, ертеңгі жарысты асыға күтудеміз. Ешқандай қиындық болған жоқ. Оның үстіне, алғашқы жарысым емес. Раллидің барлық V этабына да қатысу мүмкіндігіне ие болып келемін. Өз өлкемізде жүргендіктен, жарысып емес, шабыттанып, рахаттанып қайттық десе де болады. Спортшыға бұдан артық не керек? Мен өз үйімде жүрмін, сондықтан жеңгім келеді, жеңіс тұғырына табан тірегім келеді, - деп жымиды Юрий Сазонов. Естеріңізге сала кетейік, «Ралли Казақстан - 2017» 20-26 мамыр аралығында Маңғыстау өңірінде өтеді. Сайыс алты этаптан тұрады. Оған  әлемнің 15 елінен (Казақстан, Сауд Арабиясы, БАӘ, Катар, Ресей, Украина, Польша, Литва, Германия, Чехия, Белоруссия, Нидерланды, Словения, Франция) 25 экипаж (50 спортшы) қатысып жатыр. Алда әлі 5 этап бар. Шабандоздарға сәттілік тілейміз.

    Теңге БЕКМҰРЗАЕВА Сурет және бейнежазбаны түсірген автор

    https://youtu.be/hwpbUGHiJA8 https://youtu.be/4xTND_D7lPg

    4843
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар фото қазақстан жаңалықтары маңғыстау жаңалықтары әлем жаңалықтары анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Ақтауда «Ралли Казақстан - 2017» әлемдік додасы басталды (ФОТО)

    Келесі жаңалық

    ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс аймақтық құрылымдары арасындағы спартакиада аяқталды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

      [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
      3904

      Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
      4844

      Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

      [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
      4936

      ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

      [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
      4570

      "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

      [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
      3876

      ЭКСПО көрмесінде бір жарым миллионыншы келуші тіркелді

      [ 2017 ] 26 шілде, 05:51
      1888

      Рубрикалар

        МұнайлыАшық қоғамАНТИКОРБейнеуҚазақстан жаңалықтарыӘдебиетҚұқықБайқау

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстаулық дзюдошылар республикалық турнирде 13 алтын алды

      [ 2019 ] 20 наурыз, 19:37
      1846

      Маңғыстау жастары ҚР Тұңғыш Президентіне алғысын білдірді

      [ 2019 ] 20 наурыз, 12:20
      1764

      Еркебұлан Бекен: "Браво" деп айқайлағанда шаршағаныңның бәрі басылады

      [ 2019 ] 19 наурыз, 13:06
      2209

      Ақтауда дзюдодан "Иса-Досан" жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды

      [ 2019 ] 19 наурыз, 12:01
      2011

      Ғарышты зерттеп жүрген ақтаулық оқушы зымыранның ұшу сәтін тамашалады

      [ 2019 ] 19 наурыз, 10:23
      2541

      Мемқызметшілер балалар ауылының тәрбиеленушілерін Наурыз мейрамымен құттықтады

      [ 2019 ] 18 наурыз, 07:01
      2075

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»