• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 3 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Туған өлке тарихын толғаған

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті...

    Ғарышты зерттеп жүрген ақтаулық оқушы зымыранның ұшу сәтін тамашалады

    [ 2019 ] 19 наурыз, 10:23  |  Жаңалықтар

    Ақтаулық оқушы «Союз» пилотты кораблінің Байқоңырдан ұшқан сәтін тамашалап қайтты. Ол бұл мүмкіндікке Қызылорда қаласындағы ІХ Наурыз кездесулері ғылыми жобалар байқауы аясында ие болды. 17-19 наурызда өткен «Ғарыш.Ғылым.Интеллект» атты байқауға республиканың барлық өңірінен зияткерлік мектептер мен орта білім беретін мектеп оқушылары қатысты. Байқау аясында зияткерлік мектептер тарихында тұңғыш рет балаларға Байқоңыр ғарыш станциясынан ұшатын зымыранды қашықтан тамашалау мүмкіндігі берілген. Ақтаудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Жәнібек Жорабеков ғарыш кемесінің ұшырылуына қатысатынын естігенде сенбегенін айтады.  Қазақ ғарышкерлері – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов еңбек еткен жерде болу оқушыларға зор қуаныш сыйлапты. «Зымыран түнгі 12-де ұшырылды. Ол ұшу барысында бізге 30 секунд қана көрінді. Оның бөлшектерінің шашырағанына да куә болдық, шаршағанымызды да ұмытып кеттік», - дейді Жәнібек. Зымыранның ұшу сәтін қашықтан бақыласа да ерекше әсер алғанын айтады. Сондай-ақ оған сол сәтті таспаға түсіруге де мүмкіндік берілген. «Аң-таң болып тұрғанымызда от жарқ етіп, артынан ақ сарғыш түсті түтін пайда болып, гүрілдеген дауыс шықты. Менде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ баспасөз қызметіне арнап халықаралық деңгейдегі БАҚ қызметкерлерімен бірге видео түсірдім. Бұл – мен үшін ұмытылмас тәжірибе. Қасымда Ресей, Украина, Америкадан келген репортерлер болды. Олардың дайындығын, тікелей эфирді қалай жүргізгенін көріп, операторлардың жұмысымен таныстым. Зымыранды түсіру үшін қандай қашықтықтан, қандай ракурстан алу керектігін білдім. Гүрілдеп ұшып бара жатқан зымыранды камера арқылы жақындатып көру сондай қызық. Мен көрген сәт есімнен ешқашан кетпейді. Себебі ғылым саласында да, жаратылыста да ең қызықты тақырып – ғарыш!» - дейді өзі. Бұдан бөлек «Наурыз кездесулерінде» қатысушыларға арнап танымдық шаралар, экскурсиялар ұйымдастырылған. Олар Қызылорда музейіне, «Қорқыт ата» кешеніне, кітапханаға барып, Қызылорданың тарихымен танысқан. Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов, Тоқтар Әубәкіровпен кездесу де осы шара аясында өтті. https://www.youtube.com/watch?v=7jaB3I0kHx0&list=PLGSGM9pf1rYmfVhHHraeHDM2aC_oYll6k&index=2&t=0s «Қатты қобалжып, қуанышым қойныма сыймай жүрді. 14 наурыз Амал мерекесінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 20 оқушы Байқоңырдағы ғарыш музейіне бардық. Бұл жерде ең алғаш ғарышқа ұшырылған заттар экспонат ретінде қойылыпты. Мұражай қызметкерлері бізге ғарыш тарихын, станциялар, зымырандар қалай жұмыс жасайтынын түсіндірді. Сапар барысында аты аңызға айналған кеңестік ұшқыш-ғарышкер, Кеңес одағының батыры Виктор Савиныхты кезіктірдік. 1985 жылы ол «Салют–7» орбиталды станцияны құтқарып қалу үшін ғарыш тарихында техникалық жағынан қиын ұшырылымды жасаған. Сондай-ақ ресейлік ғарышкерлер Олег Котов пен Олег Новицкиймен таныстық», - дейді ақтаулық оқушы. Жәнібектің ойынша, ғарышкер боламын, ғарышты зерттеймін деген талапты жасқа елімізде мүмкіндік мол. «Қазір Қазақстанда космонавтика қарқынды дамып келе жатыр. Сондықтан жастарға ғарыш саласында, Байқоңырда жұмыс істеуге мүмкіндік көп. Ең өзекті салалардың бірі деп ойлаймын, сондықтан ғарышкер болса немесе осы тақырыптарда зерттеу жұмыстарын жүргізсе жақсы болады», - дейді зияткер. 18 наурызда Жәнібек өзі дайындап апарған ғылыми жобасын таныстырды. Ол жетекшісі Нұржан Пожарбекұлымен бірге биология саласына қатысты тақырыпты қозғаған. «Жобамыз биология саласына қатысты. Қазіргі таңда халықаралық ғарыш станцияларында бактериялар анықталып, олар көптеген қауіп-қатерін тигізіп жатыр. Біріншіден, ғарышкерлердің денсаулығына қауіп, екіншіден, бактериялардың салдарынан техникалық аппараттарда ақау туындауы мүмкін. Үшіншіден, отынның деградациясына да әкелуі мүмкін. Сол себепті жобамыз бактериялармен күресудің тиімді жолын қарастырмақ», - дейді зейінді оқушы. Ғылыми жобалар байқауында Жәнібектің жұмысы 3 орынға ие болды. Оған алдағы уақытта жобасын жүзеге асыруына, өзі қалаған ғарыш саласында жетістікке жетуіне сәттілік тілейміз!

    Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

    Суреттерді түсірген Рысгүл РАМАЗАНОВА

    2609
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Маңғыстауда​ Наурыз мейрамына орай қандай шаралар өтеді?

    Келесі жаңалық

    Бейнеулік дәрігерлер бөбектің өңешінде тұрған тиынды алып шықты

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Облыс әкімі маңғыстаулықтарды жаңа жылмен құттықтады

      [ 2019 ] 31 желтоқсан, 11:44
      4256

      Маңғыстау туу көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 16:50
      4420

      Азамат Батырқожа вице-министр болып тағайындалды

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 10:58
      2450

      Bek Air ұшағының қара жәшігі жақсы сақталған - вице-премьер

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 10:18
      1873

      ҚР Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 10:01
      1917

      Трансформация "Маңғыстау Медиа": Жаңа жылға - жаңа сайтпен

      [ 2019 ] 23 желтоқсан, 12:05
      2332

      Рубрикалар

        Біле жүріңізҚоғамҚарақияМаңғыстауАуыл өміріАНТИКОРҚұқықӘдебиетАнықтама бюросыРедакция туралыМәдениет

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстаулық дзюдошылар республикалық турнирде 13 алтын алды

      [ 2019 ] 20 наурыз, 19:37
      1914

      Маңғыстау жастары ҚР Тұңғыш Президентіне алғысын білдірді

      [ 2019 ] 20 наурыз, 12:20
      1836

      Еркебұлан Бекен: "Браво" деп айқайлағанда шаршағаныңның бәрі басылады

      [ 2019 ] 19 наурыз, 13:06
      2280

      Ақтауда дзюдодан "Иса-Досан" жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды

      [ 2019 ] 19 наурыз, 12:01
      2080

      Мемқызметшілер балалар ауылының тәрбиеленушілерін Наурыз мейрамымен құттықтады

      [ 2019 ] 18 наурыз, 07:01
      2147

      Қызылшаның екпесін алған маңғыстаулық бала Астанаға жіберіледі

      [ 2019 ] 18 наурыз, 06:37
      1461

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»