Құрметті маңғыстаулықтар!
Сіздерді оң ниет, ізгілікті пейілімен төрімізге енгелі тұрған жаңа 2020 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Өтіп бара жатқан жылы да өңірде көптеген келелі, игі істер атқарылды.
Бұл үрдіс алдағы жылы да заңды жалғасын тауып, қолға алынып жатқан жаңа бастамаларымыз сәтті болсын! Адал еңбектің жемісін татып, әрбір күндерін кәсібінің нәсібімен берекелі өткізген барша қауымғаөмірде де, еңбекте де сәттілік пен жақсылықтар тілеймін.
Жаңа 2020 – Ақ тышқан жылы ырысты, табысты жыл болып, әрбір шаңыраққа құт-береке, мол несібесімен келсін!
Көне күндердің сыры мен шежіресін сағана-күмбездерінде, әрбір тасы мен төбешігінде сақтаған киелі өлкеміздің жыры мен жұмбағын жаһан жұртшылығына жария қылар зерделі жастарымыздың келешегі жарқын болғай!
Құрметті жерлестер!
Мүшелдің басы саналатын Тышқан жылының ғасырларға кететін тарихына көз жүгірткен жұлдызшылар бұл жылдың негізінен бақуатты, тыныштықта өткендігін жария етуде. Лайымда 2020 жылы да ел бірлігі мен ынтымағы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Арайлап атқан әрбір күн баршаңызға мол шаттық, махаббат пен мейірім сыйласын. Егемен еліміздің зеңгір көгіндеақ көгершіндер қалықтап, халқымыз бақытты, ұлы Отанымыз гүлдене берсін!
Маңғыстау облысының әкімі Серікбай ТРҰМОВ