• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 3 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті...

    Туған өлке тарихын толғаған

    31 қазан, 17:51  |  Маңғыстау жаңалықтары

    Кіндік қаны тамған өлкенің қадір-қасиетіне жете білуді жасынан түйсінген, балаң жасынан бедерлі сөзге бейім Кенжебек Сержан ілгеріде-ақ білім мен ізденіске құштарлығымен ілкі буынның назарына іліккен, ел аузындағы ескілікті әңгіме, көкірегі көмбе қазына-қарияның ұлағатына ерек ықылас танытып жүретін қасиетімен есте қалған еді. Жасынан аталы сөзге үйір боп өскен оның көркем әдебиетке, кітап қазынасына шынайы құмарлығы өлең өлкесіне қанат қағуына септесті. Кенжебектің осыған дейін жарық көрген өлең жинақтары Бейбіт елдің ұланымын» (2014), «Ғибратты ғұмыр» (2015) өз оқырманының жоғары бағасын алды. Жуырда жас қаламгердің “Ер мен ел” атты деректі прозасының тұсаукесер рәсімі өтті. Көлемі 11 баспа табақ кітаптың көтерген жүгі- ауыр, діттегені — туған өлке тарихы мен тұлғалар тағылымы хақында тың деректерді оқырманға таныстыру. Тынымсыз оқу, үздіксіз ізденіс, ой-толғам нәтижесі. Өрісті өлкенің өрелі тарихын кестелі сөзбен көркемдеген Кенжебектің қаламгерлік қолтаңбасы хақында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Негимов былай дейді: “Ұлт тұлғалараның тарихи еңбегін, тағылымын, даналығын жан-жақты, толық толғап, ұғынықты тілмен жатық түсіндірген. Әрбір кемеңгер тұлғаның өмірбаянын тарихи құжаттармен, шежірелік деректермен нық дәйектеп отырады. Тақырыпқа байланысты оі-пікірлерін кемел мысалдармен, үздік афоризмдермен тұздықтап ширатып отырады”.

    Көрнекті ғалымның көшелі пікірі тегін болмауы тиіс. Түптеп келгенде оқырманды мол рухани олжаға кенелткен кітап құрылымы өте ұғынықты. Түбек төсін ен жайлаған ерен халықтың тұрмыс-тірлігі, ата-ғұрып, дәп-дәстүрі, жақсы-жайсаңы мен маңдайына біткен марғасқалары жөнінде мол мағлұмат жүйеленіп жинақталған. Біздің ұққанымыз бұл жинақ жаугершілік заманда ата қоныс, баба жұрттың намысын жатқа бермеуде жанын пида еткен баһадүрлер ерлігін дәріптеу , өскелең өрендер бойына өнегесін сіңіру ғана емес, бүгінгі күн бедерінен қилы заманды бастан өткерген қазақ еліңнің еңсесін тіктеуде қажырлы еңбек еткен аға буынның азаматтық, адамдық болмысына әділ баға беруді көздейді. Кітапта жас қаламгердің журналистік қырын айқындайтын танымдық материалдары да топтастырылған. Кенжебек Сержан Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің журналистика факультетінің түлегі. Өңір баспасөзінің қара шаңырағы - «Маңғыстау» газетінде қызмет етіп, журналистика майданында шыңдалған маман. Оның өлке тарихын өзге қырынан зерделеу, ақтаңдақтар ақиқатын ұғынуға деген айрықша ұмтылысы өлкетану ғылымымен кеңінен айналысуына түрткі болғаны айқын.

    Жуырда өткен жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімінде жиылған жазбагер қауым жас қаламгердің туған өлкенің өркендеу жолын тарихи қырынан кешенді талдауға талпынысы мен шығармашылық аяқ алысы турасында ой сабақтады. Кенжебек Сержанның ұлт әдебиетінің арнасының ұлғаюына қосқан үлесін, қаламгерлік қарым-қабілетін және алда қазақ қоғамының, ұлт мәдениетінің өрістеуіне сіңіретін еңбегіне баға берді.

    Алдымен облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев халықтың рухани кемелденуіне, әсіресе жас буынның тарихи жадының жаңғыруына, ұлт мәйегін ұлықтауда еңбек сіңіріп жүрген өр ұланның шығармашылығына шабыт тіледі. Сондай-ақ өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың құтықтау хатын табыстады.

    “Сіздің шығармашылығыңыз арқылы біз туған жеріміздің терең тарихына тағы бір қадам жақындай түсеміз. Өлке тарихы мен тұлғалар өсиетін зерделеу - әрбір ұлттың болашағына бағдар болатын маңызды іс. Сондықтан бұл жинақ жас ұрпаққа рухани азық боларына сенемін”, - делінген өңір басшысының құттықтау хатында.

    “Біз аға ұрпақ уақыт атты ұлы ұстаздың, ата-баба рухының алдында есеп беруге міндеттіміз. Бәріміз бір халықтың, бір атаның ұрпағымыз. Мүддеміз -бір.. Осындай рухани кештерге біз қызықтау үшін емес, бізден кейін маңғаз Маңғыстау, қазақтың салқар атырабы кімге қалып бара жатыр деген оймен келеміз. Жастарды сыртқы дұшпанға, ішкі итаршыға талатпай, қорлатпай, бабалардан қалған ұлы жолды балаларға жалғайтын кім бар деген мәселенің айналасында бас қосамыз. Серік Негимов сынды Арқа азаматының пікірі көзіме шалынды. Танымал ғалым кітаптың алғысөзінде «Кенжебек жәй ұғынықты тілде деректермен әр сөзін бекітіп, афоризмдермен, мақал-мәтелдермен тиянақтап, шағын кітапты елге құнды дүние қылып жеткізген екен» деп пікір білдіреді. Алқажан ағамыз тектілік жөнінде сөз қозғаған екен. Тектілік - көмбе алтын ғой. Оның құнын дер кезінде түйіснген жөн. Себебі халық уақыттан ұтылса, бақыттан ұтылады”,-деп түйіндеді өз сөзін ақын Сабыр Адай.

    Жиылған жұртшылық туған өлке тарихын шығармашылығына арқау еткен жас қаламгердің кесек кейіпкерлері, көркем ойы мен ізденіс-ұмтылысы турасында тың деректерге қанықты. Бағзы баба өсиетін бүгінге жалғаған жас өреннің өрелі ісіне сәттілік тіледі.

    Голрох Жеменей

    412
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      «Маңғыстау Медиа» ЖШС-нің жаңа ғимараты ашылды

      [ 2021 ] 29 маусым, 14:20
      4899

      Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

      [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
      5163

      ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

      [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
      4796

      "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

      [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
      4091

      "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

      [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
      4122

      Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
      5061

      Рубрикалар

        БайқауМұнайлыБейнеуМәселеЖаңалықтарРедакция ұжымыРухани жаңғыруӘдебиетРедакция туралы

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды

      31 қазан, 11:45
      250

      Маңғыстау облысының әкімі Нұдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады

      31 қазан, 10:11
      215

      Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс хан ұлттық музейіне барды

      29 қазан, 15:36
      209

      Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті

      27 қазан, 13:00
      862

      Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

      25 қазан, 14:02
      237

      Ақтауда Республика күніне орай мотошеру ұйымдастырылды

      25 қазан, 10:45
      225

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»