30 қазанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ел президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» жарлығына сәйкес жеке мәселемен келген тұрғындарды қабылдап, олардың ұсыныс-пікірін тыңдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстаулықтар көтерген мәселелер негізінен жұмыссыздық, тұрғын үй алу, ауылды аббаттандыру және басқа да мәселелерге қатысты болды.
Облыс әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын атап өтті.
Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауапты органдарға нақты тапсырмалар жүктеді.