Бейнеу аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері 2 жастағы қыз баланың өңешінен бөгде затты алып шықты. Дәрігерлер бөбекті облыстық балалар ауруханасына жібермей, өздері жылдам әрекет еткен, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Бейнеу аудандық ауруханасына 18 наурызда ата-ана бөбегінің жөтелетінін, демалуы қиындағанын айтып шағымданып келген. Дәрігерлер рентгенге түсіргеннен кейін өңешінде тиын тұрып қалғанын анықтаған. 2017 жылы туған баланың тыныс алуы қиындағандықтан аудандық дәрігерлер облыстық балалар ауруханасына жібермей уақытты тиімді пайдаланып, фолей катетерін қолдану арқылы өңештегі тиынды алып шыққан.
«Аудандық аурухана директорының айтуынша, испан дәрігерлерінің тәжірибесіне негізделген әдісті пайдаланған. Қазір бала өзін жақсы сезінеді», - дейді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері Азамат Сәрсенбаев.
https://youtu.be/UltERwkVFmM?list=PLGSGM9pf1rYmfVhHHraeHDM2aC_oYll6kСурет пен видеоны Денсаулық сақтау басқармасы ұсынды