Шри-Ланка елінде шахматтан балалар арасында Азия чемпионатында ақтаулық Эдгар Мамедов қола жүлдеге ие болды. Енді ұшқыр ой иесі рапид пен блицтен сынға түспек, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. «Азия чемпионатының алғашқы күні аяқталды. Эдгар Мамедов рапид бойынша 7 рет ойнаған еді. Қорытындысында 4 жеңіс және 3 тең ойынымен 5,5 ұпай еншіледі. Сөйтіп ол "10 жасқа дейінгі" категориясында 71 қатысушының арасынан 3-орын алды», - дейді "Дебют" шахмат мектебінің директоры Анвар Шайхымов. Жас шахматшы бұған дейін 2018 жылы Таиландта өткен өткен Азия чемпионатында рапидтен қола жүлде алса, ал биыл Павлодар қаласында шахмат чемпионатынан Қазақстанның абсолютті чемпионы атанған. Айта кетейік, турнир 2-10 сәуір аралығында жеті жас категориясы бойынша өтіп жатыр. Оған Азияның 583 мықты шахматшысы жиналған.