• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 15 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Маңғыстау жастары ҚР Тұңғыш Президентіне алғысын білдірді

    [ 2019 ] 20 наурыз, 12:20  |  Жаңалықтар

    Күні кеше ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігін тоқтату жөнінде мәлімдеме жасаған болатын. Ол Қазақстанды 30 жылға жуық уақыт басқарды. Бұл жылдар ішінде елеулі өзгерістер мен ел үшін маңызды шешімдер қабылданды. Атап айтсақ, Қазақстан Егемендігін жариялап, Тәуелсіз мемлекет атанды. Өз рәміздерін, ұлттық валютасын бекітті. Ақмола бас қала болып, Астана атауы берілді. Еліміз жаңа белеске қадам басып, «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» стратегиялық жоспарлары қабылданды. Дүниежүзілік дағдарыс кезеңдерін еңсерді. Әлемдік деңгейдегі саяси, спорттық, мәдени шараларды жоғары деңгейде өткізді. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="75536,75537,75538"] Осыны ескерген Маңғыстау жастары бүгін Елбасыға алғыстарын айтып, Каспий теңізі жағасында флешмоб ұйымдастырды. Оған тұрғындар, өнерпаздар, студенттер мен оқушылар, этно-мәдени бірлестік өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты. Райса Маденова, МО корей этно-мәдени бірлесітігінің төрағасы         «Кеше еліміз үшін елеулі оқиға болды. Елбасы өз қызметін тоқтатарда халыққа, жастарымызға бірнеше жоба, тапсырма жүктеді. Біз оны ақтаймыз деген үміттемін. Республиканы мекен еткен ұлттардың бірлігі мығым, достығы берік болуы – болашағымыздың үлкен кепілі. Ішкі, сыртқы саясатты, экономиканы сақтап қалуда да мұның маңызы зор. Жастардың емін-еркін ер жетуіне, білім алуына, жұмыс істеуіне мол мүмкіндік жасады. Сондықтан Елбасымызға бейбітшілік үшін, бірден-бір Қазақстан халықтары ассамблеясы институтын құрғаны үшін, алаңсыз өмір үшін көп-көп рақмет!» Артем Чигин, жас кәсіпкер «Ақтау қаласында туып, ер жеттім. Қазақстан – менің Отаным. Жасым 23-те. Өзімнің жиһаз жасайтын дүкендерім бар. Елбасының өкілеттігін тоқтатуы, әрине, мен үшін күтпеген жағдай болды. Бірақ бұл күн қашан болса да туары анық еді. Сондықтан Елбасының бұл шешімін түсіністікпен қабылдадым. Оның қолдауымен біз тегін оқуға, шетел аралауға, емделуге мүмкіндік алдық. Ол кісіге тәуелсіз елде еркін өмір сүруге мүмкіндік жасағанына алғысымды айтамын». Гүлсина Мерғалиева, режиссер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Тарлан» сыйлығының иегері «Мен Ресейде туған қазақпын. Нұрсұлтан Назарбаев ел басқарып тұрған кезде Отаныма оралып, жоғары білім алдым. Менің Қазақстандағы саналы ғұмырым Елбасымен байланысты. Біріншіден, тегін білім алдым, түрлі театрда қызмет етіп, қойылымдар қойдым. Елбасының қолы қойылған көптеген марапатқа ие болдым. Ол кісі қатысқан бірнеше ауқымды шарада болдым. Әрине, кешегі мәлімдемесін естігенде көңіл-күйіміз түскені жасырын емес. Дегенмен болашағымыздың жақсы боларына, еліміздің әлі талай биікке шығарына сенемін!». Ғазиза Бақтиярқызы, «Ақ жол жастары» жастар қанатының жетекшісі «Елбасы әркез жастарға деген қолдауын айтып отырады, әр Жолдауынан тыс қалдырмайды. 2019 жылды Жастарға арнады. Біз, қазақ жастары, әрқашан Тәуелсіздіктің тұғырлы болуына, елімізді дамытуға күш саламыз. Біз Елбасымен біргеміз!». Бағдат Қуандық, «Жас Отан» жастар қанаты Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы «Елбасының мәлімдемесі, шынына келсек, біз үшін тосын жайт болды. Оған Тәуелсіз Қазақстанның жастары атынан шын жүректен алғысымды білдіремін. 30 жыл бойы еліміз үшін жасаған еңбегі ұшан-теңіз. Әлемде болып жатқан қаншама дағдарысқа қарамастан, еліміз тек қана алға жүрді, дамуын тоқтатпады. Өзім тәуелсіз елде, Нұрсұлтан Назарбаев басқарған мемлекетте өмірге келдім. Енді бізде жаңа эра, жаңа уақыт болады деп ойлаймын. Елбасыға рақмет!»   Әлия Шәріпова, журналист «Еліміз жыл санап даму үстінде. Тұңғыш Президентіміздің оған қосқан үлесі өте зор. Жастар отандық және шетелдік Жоғары оқу орындарында білім алып, кәсібін ашып, елге пайдалы іспен айналысуға мүмкіндік алды. Қазақстандағы тыныштық пен азаттық үшін Елбасыға рақмет!» Құрманәлі Ғазибеков, Маңғыстау облыстық «Ала-ТОО» Қырғыз этно-мәдени бірлестігінің төрағасы «Елбасы кешегі үндеуінде өзі басшылық еткен 30 жылға жуық уақытта қандай кезеңдерден өткенін атап шықты. Елдің қандай қиындықты еңсергенін, бүгінге қалай жеткенін шолып өтті. Қазақстанды бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосу жолындағы жоспарларын да баян етті. Әрине, ол кісінің қызметін жалғастыра бергенін қалар едік, дегенмен бұл шешімін қолдаймыз. Ендігі Президент осы жолды жақсы жалғастырып кетсе деген ойдамыз. Жалпы қырғыз халқының, өзімнің атымнан тұңғыш Президентке алғыс айтамын. Ең мықты басшы болды деп ойлаймын!» Ержан Манарбек, «Жастар ресурстық орталығы" жанынан құрылған еріктілер корпусының мүшесі «2019 жылды Елбасы «Жастар жылы» деп жариялады. Бұл – біз үшін, жалпы ел жастары үшін қуанышты жағдай болды. Халыққа жайлы өмір сыйлағаны, Қазақстанды әлемдік деңгейге танытқаны үшін алғысымыз шексіз. Ол кісінің ерен еңбегі халық жадынан өшпейді. Біз үшін Елбасы әрқашан Көшбасшы болып қала береді».

    Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

    https://www.youtube.com/watch?v=uW5wlUCrZ98&feature=youtu.be
    1764
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Қазақстандағы гендерлік саясат: бүгіні мен келешегі

    Келесі жаңалық

    Алтынқазған құпиясы: мамандар ғұндық үлгідегі жәдігерлерді таныстырды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Облыс әкімі маңғыстаулықтарды жаңа жылмен құттықтады

      [ 2019 ] 31 желтоқсан, 11:44
      4229

      Маңғыстау туу көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 16:50
      4396

      Азамат Батырқожа вице-министр болып тағайындалды

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 10:58
      2410

      Bek Air ұшағының қара жәшігі жақсы сақталған - вице-премьер

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 10:18
      1854

      ҚР Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 10:01
      1898

      Трансформация "Маңғыстау Медиа": Жаңа жылға - жаңа сайтпен

      [ 2019 ] 23 желтоқсан, 12:05
      2314

      Рубрикалар

        МәселеХабарландыруМаңғыстау жаңалықтарыЖарнамаБейнеуСұхбатБайқауРедакция газеттері

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстаулық дзюдошылар республикалық турнирде 13 алтын алды

      [ 2019 ] 20 наурыз, 19:37
      1846

      Еркебұлан Бекен: "Браво" деп айқайлағанда шаршағаныңның бәрі басылады

      [ 2019 ] 19 наурыз, 13:06
      2209

      Ақтауда дзюдодан "Иса-Досан" жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды

      [ 2019 ] 19 наурыз, 12:01
      2011

      Ғарышты зерттеп жүрген ақтаулық оқушы зымыранның ұшу сәтін тамашалады

      [ 2019 ] 19 наурыз, 10:23
      2541

      Мемқызметшілер балалар ауылының тәрбиеленушілерін Наурыз мейрамымен құттықтады

      [ 2019 ] 18 наурыз, 07:01
      2075

      Қызылшаның екпесін алған маңғыстаулық бала Астанаға жіберіледі

      [ 2019 ] 18 наурыз, 06:37
      1443

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»