• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 8 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Алтынқазған құпиясы: мамандар ғұндық үлгідегі жәдігерлерді таныстырды

    [ 2019 ] 20 наурыз, 13:38  |  Жаңалықтар

    Маңғыстау тарихи-өлкетану музейінде "Алтынқазған құпиясы" атты көрме өтті. Көрмеге б.э. IV-XI ғасырларға тиесілі Алтынқазған діни қабірлеу кешенінде табылған жәдігерлер қойылды. Бұл діни қабірлеу кешенінде ғұндық үлгідегі сәндік белдік пен жылқының қылынан жасалған жүген жабдықтары темір бөлшектерінің екі жинағы табылған. Мамандардың айтуынша, Алтынқазған – алтынмен қапталған жылқылардың жерленген орны, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Шараға музей қызметкерлері, археолог Андрей Астафьев пен БАҚ өкілдері қатысты. Түпқараған ауданының аумағында орналасқан Алтынқазған – діни қабірлеу кешені 2010 жылы табылған. Оны Ақтау қаласының Ф. Ахмадулин есімді тұрғыны металіздегіштің көмегімен күміспен қапталған ер-тұрманның қалдықтарын тауып алып, оны археолог А. Астфьев берген екен. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="75525,75519,75518,75517"] «Алғашқы археологиялық зерттеуді 2014 жылы бастадық. Ол жұмыс 2016 жылға дейін жүргізілді. Зерттеулердің қорытындысы бойынша орта ғасырға тиесілі діни қабірлеу кешені деп танылған. Ол б.э. 4-11 ғасырларға дейінгі кезеңдерде болуы мүмкін. Қазіргі таңда Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілген. Бұл жерден құрбандықтың сыйы ретінде қалдырылған заттардың қалдықтары, сондай-ақ үш қатарлы және әр кезеңді қабірлер табылған", - дейді археолог А. Астафьев. 2017 жылы жергілікті археолог А. Астафьев Новосібір мемлекеттік университетінен келген Ресей археологы Е. Богдановпен бірлесе Алтынқазған діни-қабірлеу кешенінде зерттеу жұмыстарын жалғастырды. Зерттеу жұмыстарынан ғылыми мақала жазып, РҒА Археология институты ұйымдастырған Тула қаласына жақын жерде «Куликово алаңы» мемлекеттік музей-қорығында өткен халықаралық конференцияда баяндама жасады. Музей маманы Нұршат Қалқенованың айтуынша, діни қабірлеу кешені тек Қазақстанда ғана емес, Азияда үлкен резонанс тудырған жаңалық. Катамкомболық, яғни жерге тереңірек қазылып көмілетін жерлеу кешені болғандықтан мұндай орындардың байқалуы, көзге түсуі қиын. Тек кездейсоқ немесе геофизикалық үлкен құрылғылар арқылы табылады. Мамандар бұл жер әлі де зерттелуі қажет екен жұмыстары қажет екенін айтады. «Аталған кешенде ат иесінің немесе сарбаздың сүйегі табылған жоқ. Бірақ кешенге жақын жерде ерлі-зайыптылардың сүйегі табылыпты», - дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің маманы Нұршат Қалқенбаева. Бұл шараға тек БАҚ өкілдері ғана емес, шаһар тұрғындары да қызығушылық танытып келген. «Ғұндардан қалған мұралар табылды дегенді естіп келгенмін. Бұл – сенсация. Егер ары қарай зерттелсе көптеген мәліметке қанық боламыз деген ойдамын», - дейді қала тұрғыны Ержан Құрметов. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Тамара Жұмалиеваның айтуынша, Маңғыстауды тек қана жер асты мешіттері бар, салт-дәстүрі сақталған киелі ғана емес , сақ пен ғұн дәуірінен бері қарай мұраны сақтап қалған тарихи өңір деп білуіміз керек. Айта кетелік, 2018-2019 жылдары Алтынқазған діни-қабірлеу кешенін зерттеу бойынша кешенді жұмыстар жасақталып, жергілікті бюджетке өтінім берілген. Алдағы уақытта ескерткіштің қорғау аймақтары бекітілмек.
    1445
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Маңғыстау жастары ҚР Тұңғыш Президентіне алғысын білдірді

    Келесі жаңалық

    Халқының алғысына бөленген елбасы

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Облыс әкімі маңғыстаулықтарды жаңа жылмен құттықтады

      [ 2019 ] 31 желтоқсан, 11:44
      4261

      Маңғыстау туу көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 16:50
      4424

      Азамат Батырқожа вице-министр болып тағайындалды

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 10:58
      2452

      Bek Air ұшағының қара жәшігі жақсы сақталған - вице-премьер

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 10:18
      1877

      ҚР Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 10:01
      1922

      Трансформация "Маңғыстау Медиа": Жаңа жылға - жаңа сайтпен

      [ 2019 ] 23 желтоқсан, 12:05
      2334

      Рубрикалар

        БейнеуКомплаенсФотоТүпқарағанБіле жүріңізРедакция газеттеріАуыл өміріМаңғыстауЖастар беті

      Автордың басқа да жазбалары

      Былтыр Маңғыстауда 115 дзюдошы "спорт шеберіне үміткер" атанған

      [ 2019 ] 5 сәуір, 11:04
      1609

      Ақтауда полицейлер көлік жүргізушілердің сұрағына жауап берді

      [ 2019 ] 5 сәуір, 06:09
      1452

      Ми жарығымен туған маңғыстаулық сәбиге елордада ота жасалды

      [ 2019 ] 4 сәуір, 10:11
      1733

      Ұрлаған ноутбукты алдап сатқан алаяқ істі болды

      [ 2019 ] 3 сәуір, 14:42
      1502

      Биыл Маңғыстауда 60 өрт оқиғасы тіркелді

      [ 2019 ] 3 сәуір, 13:05
      1515

      Ақтаулық жас шахматшы рапидтен Азия чемпионатының жүлдегері атанды

      [ 2019 ] 3 сәуір, 06:16
      1347

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»