Облыстық әділет департаментінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Іс-шараға өңірлік әділет департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Аумақтық департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұловтың айтуынша, биыл тиісті заңнамаға өзгерістер енгізіліп, жоғары оқу орындарының үздік түлектері ауылдық және аудандық деңгейлерде конкурссыз қызметке тағайындалуға мүмкіндік болатды. Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің өткізілетіндігін, мемлекеттік органдардағы басқарушы және атқарушы лауазымдар саны реттелетіндігін, өңірде тәртіптік істердің саны азайып бара жатқандығын, үстеме жұмыс үшін әкімшілік жауапкершіліктің қарастырылғанын жеткізді.
Жиын қорытындысы бойынша департамент басшысы әділет департаментінің басшылығына мемлекеттік қызметті өткеру, персоналды басқару қызметін жетілдіру, мемлекеттік органдардағы әдеп ережелерін сақтау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағыттары бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.
Айта кету қажет, мемлекеттік қызметке енгізілген жаңашылдықтар бойынша түсіндіру шараларын мемлекеттік органдарда және басқа да мақсатты топтар арасында аумақтық департамент жүргізуде.