Ақтаудағы 4 А шағын ауданындағы теңіз жағалауында жергілікті тұрғындар 17 жастағы екі баланы құтқарып қалды. Олар тыйым салынған аумақта суға түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оқыс оқиғадан кейін балалардың бірін облыстық аурухананың травматология бөліміне жеткізген. Екіншісі тексеруден кейін үйге жіберілді. Дәрігерлер оның жағдайының қалыпты екенін айтып отыр.