1 маусым күні сағат 17:49-да (Астана уақыты бойынша) облыстық төтенше жағдайлар басқармасына (112) Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында арнайы жабдықталмаған теңіз аумағында шомылған 2007 жылғы жасөспірім суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ТЖД-ға сілтеме жасай отырып.
19 сағат 05 минутта құтқарушылар келгенге дейін туыстары суға батқан жігіттің денесін алып шықты. Оқиға орнына ТЖД қызметкері, 1 бірлік техника және 1 жүзу құралы, сондай-ақ апатты жағдайлар медицинасы орталығының 3 қызметкері және 1 бірлік техника келіп жетті.