ҚР Ұлттық ұланының Ақтау қаласында орналасқан 6656 әскери бөлімінің әскери қызметшілері арасында шағын футболдан турнир өткізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz әскери бөлімге сілтеме бере отырып.
Жарыстың басты мақсаты – әскери қызметшілер арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, қызметкерлердің дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде ұстауын қамтамасыз ете отырып, спорттық даярлығын дамыту болып табылады. Спорттық додаға барлығы 6 команда қатысып өзара бақ сынады.
-Мұндай спорттық жарыстар салауатты өмір салтын қалыптастырып, әскери қызметшілердің арасында шыдамдылық пен төзімділікті дамытады дейді – 6656 әскери бөлімінің дене даярлығы және сполрт бастығы капитан Жеңісхан Бөртекеев.
Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды - 1 атқыштар ротасының командасы, екінші орынды – 2 жедел мақсаттағы ротасының командасы, үшінші орынды – 3 жедел мақсаттағы ротасының командасы жеңіп алды. Жарыс соңында жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер жарыс кубогымен, дипломдармен марапатталды.