Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Жандос Кенжебаевтың төралығымен және Маңғыстау облысының Атамекен кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің басшысы Роллан Менкеевтің қатысуымен қала аумағында орналасқан ірі сауда орталықтарының кәсіпкерлеріне 2 түрлі мәселе жөнінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Дөңгелек үстел мақсаты кәсіпкерлермен Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздік ережелерін түсіндіру болды.
Бірінші мәселе Басқарманың қызметкерлерінің және кәсіпкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлықты алдын-алу. Яғни кәсіпкерлердің өрт қауіпсіздік саласында тексеріс кезінде құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
Екінші мәселе бойынша «Адамдар көп жиналатын объектілердегі, яғни қала аумағындағы ірі сауда нысандары, базар, ойын-сауық орталықтарындағы өрт қауіпсіздігі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мұнда басқарма қызметкерлері кәсіпкерлерге қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау, соның ішінде нысан ішіндегі эвакуациалық есіктерін әрдайым ашылуын қамтамасыз ету, жолдарға бөгет жасамауын, өрт дабыл қондырғыларын жарамды жағда ұстауын түсіндірілді. Сонымен қатар, басқарманың қызметкерлер тарапынан бастапқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану тәртібін кәсіпкерлерге жеткізілді.