Биыл 3 айдың қорытындысы бойынша облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында 40 адам БДП қабылдап жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мәліметінше, оның ішінде: халықтың негізгі топтарына жататын инъекциялық есірткі тұтынушы адамдар, секс қызметкерлері, ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер, пациенттердің байланысқа түсетін серіктестері (оның ішінде жүкті әйелдерде бар).
«Егер сіздің өміріңізде бірдеңе өзгерсе және сізде АИТВ-инфекциясының айтарлықтай қаупі болмаса, БДП қабылдауды тоқтатуға болады. Алайда, АИТВ-ның берілуінің алдын алу үшін соңғы жыныстық қатынастан немесе АИТВ жұқтыру қаупімен байланысты есірткіні қолданғаннан кейін тағы 7 күн БДП таблеткаларын қабылдау қажет. БДП тоқтату үшін АИТВ-инфекциясының алдын-алу орталығының дәрігермен кеңесу керек», - дейді мамандар.
АИТВ – инфекциясының байланысқа дейінгі алдын алуы: Байланысқа дейінгі профилактика (бұдан әрі – БДП) – АИТВ-инфекциясынан қорғау мақсатында АИТВ жұқтыру (қорғалмаған жыныстық қатынас немесе есірткіні қолдану) қаупімен байланысты жағдай туындағанға дейін дәрі қабылдау;
БДП АИТВ жұқтыру қаупі бар барлық адамдарға (ерлер де, әйелдер де) арналған, соның ішінде:
АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың жыныстық серіктестері (әсіресе, егер АИТВ-мен ауыратын серіктес АРТ (антиретровирусты терапия) қабылдамаса немесе вирустық жүктемесі жоғары болса);
мүшеқапты үнемі және дұрыс қолдана алмайтын адамдарға, жыныстық қатынастың травматикалық түрлерімен айналысатын, алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде жыныстық қатынасқа түсетін адамдарға;
жыныстық жолмен берілетін бірнеше инфекциясы бар адамдарға;
есірткіні қолданған кезде басқа адамдардың инелерін, шприцтерін немесе басқа құрылғыларын қолданатын адамдарға.
БДП – АИТВ-инфекциясының алдын-алудың қосымша әдісі, ол бір таблеткада екі антиретровирустық препараттың (тенофовир/эмтрицитабин) комбинациясын қабылдауды қамтиды. Бұл дәрі-дәрмектер басқа антиретровирустық препараттармен бірге көптеген жылдар бойы АИТВ-инфекциясы бар адамдарды емдеу үшін қолданылған.
БДП немесе АИТВ-инфекциясынан қорғану туралы толығырақ ақпарат алғыңыз келсе «Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын-алу орталығының» мамандарынан тегін, анонимді кеңес алсаңыз болады. Біздің мекен-жайымыз: 3 шағын ауданы, 170 ғимарат. Байланыс телефоны: 50-40-49. Сонымен қатар, АИТВ-инфекциясы туралы ақпаратты antivich.kz сайтынан ала аласыз.