«Aяла» қайырымдылық қоры «Әлемді көремін» жобасы аясында перинаталдық орталыққа ретинальды камера тарту етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме беріп.
Медицина ғылымының кандидаты, жоғары санатты дәрігер офтальмолог, «Шала туғандар ретинопатиясы» республикалық жобасының бастамашысы Әсел
Шарипова орталықтағы көру қабілетінің патологиясы бар болуы мүмкін 30-ға жуық шала туған нәрестелерді диагностикадан өткізді.
Зерттемеге орталықтың арнайы оқудан өткен неонаталды-офтальмолог дәрігері Гулшат Дарибаева қатысып, білікті маманнан тәжірибелік дәріс алды.
Сәбилер мүгедектігін азайту мақсатында ашылған бұл жоба жаңа туған сәбилердің көру қабілетін жақсартуға мүмкіндік береді және нәрестелердің көз патологиясын ерте кезден анықтап, соқырлықтан құтқарады.
Ретинальды камераның бір артықшылығы оның көмегімен сәбилердің ата-аналарына көздің тор қабығын көрнекі түрде көрсетуге болады. Суреттер мониторға шығарылғанда, торлы қабықтағы өзгерістер түрлі-түсті болып, айқын көрінеді.