Ақтау тұрғындары елордалық кардиохирург тегін кеңес алады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 10:00-16:00 аралығында Астанадағы UMC кардиологиялық орталығының кардиохирургы Светлана Петровна Новикова тұрғындарды қабылдайды.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының консультативтік-диагностикалық емханасында тегін кеңестер беріледі. Өзіңізбен бірге коронарлық ангиография мен эхокардиографияның жазбасы болуы керек.
Алдын ала жазылу мына телефон нөмірі бойынша жүргізіледі: +7 (7292) 210-317.