Маңғыстау облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы және оған қарасты мекемелерден 70-ке жуық адам «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке шықты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Олар тазалық жұмыстарын жүргізе отыра, ән айтып сенбілікке қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлады.
- Қаламыздың көркі бұл - теңіз жағалауы. Дегенмен кей жастар түнімен жағалауға қоқыс тастайтыны айдан анық. Тазалық бұл бір күндік ғана жұмыс емес. Сондықтан әр адам қоқыс тастарда ойлануы қажет. Тазалыққа ұйытқы болу баршамыздың міндетіміз. Ал дәл қазіргі сәтте көтеріңкі көңіл-күйдеміз. Таңғы уақыт болған соң бұл бір жағы өзімізді де өзгелерді де сергітіп жатырмыз. Қоғамға пайдамыз тисе екен дейміз,-дейді Абылай Фазылбек.