• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 13 Тамыз 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Нөкіс қаласынан Маңғыстау облысына пойыз қатынайтын болды...

«MAŃǴYSTAÝ» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды...

Сүйінші! Маңғыстауда 4 мектептің түлегі түгелдей білім беру грантын иеленді...

Ақтауда түн ішінде моншадан өрт шықты...

Медиация күні қарсаңында консультативтік көмек көрсетуден «Ашық алаңы» өтед...

  • USD: 479.44 ₸
  • EUR: 523.69 ₸
  • RUB: 5.22 ₸

"Nomad explorer» Маңғыстаудағы экспедициясын аяқтады (ФОТО)

[ 2017 ] 6 мамыр, 18:26  |  Жаңалықтар

©

            "Nomad explorer" экспедициясының Маңғыстаудағы сапары бүгін аяқталып жатыр. Сол себепті Маңғыстау облысы әкімдігінде «Үстірт құпиясы» сапарына қатысқан 230-дан аса саяхатшымен  қоштасу кеші өтті. 1400 шақырымды жүріп өткен алып экспедицияның жұмысы Маңғыстау үшін қаншалықты маңызды? Саяхатшылар Маңғыстаудың экологиясы, туризмі туралы не дейді? Киелі өлкеден алған әсерлері қандай? Шөлейтті далада саяхат құрудың қиыншылықтары қандай?  Бұл кездесуде осы сұрақтар туралы кеңірек айтылды. Осылайша, әкімдік пен саяхатшылар арасында бейресми отырыс өтті.  

Қай жерге барсақ та, жанымызда су тасушы машина жүріп отырды

Маңғыстау – Республикада  ішкі туризм саласын дамытуда үлкен мүмкіндігі бар аймақ. Өйткені бұл өлке рухани бай, қасиетті мекендердің бірі. – Ұзақ сапар болғаннан кейін қиындық кездеспей тұрмайды. Мәселен, басқа аймақтарда жер-жерде өзен-көл кездесе кетеді. Ал мұнда шөлейтті аймақ болған соң, жанымызда су тасушы машина (водовоз) жүріп отырды. Бұл дегеніңіз, саяхат үшін – үлкен мүмкіндік. Сол қиындықтарды болдырмас үшін жан-жақты қолдау білдіргеніне Маңғыстау облысы әкімдігіне барлық сапарластарымның атынан алғыс білдіремін, – дейді  “Nomad explorer”  экспедициясының жетекшісі Марғұлан Сейсембаев.  – "Nomad Explorer" экспедициясы Маңғыстауға қадам басқаннан-ақ қуана қабылдадық. Өйткені, елдің байлығы – мұнай емес, елдің байлығы –  кіндік қанымыз тамған туған жер. Бұл экспедиция Маңғыстаудай киелі өлкеге аяқ басқаны орынды деп ойлаймын. Сіздер  қысқа уақыт ішінде қаншама елге барып, жерін көріп, көріп қана қоймай, бүкіл әлемге танытып, насихаттап жүрсіздер. Сапар сәтті болғаны жүздеріңізден белгілі. Ауыр жол болса да, жақсы әсер алып, рухани толығып келген боларсыздар. Бекет ата жер асты мешітінің өзі неге тұрады? Біздің өлкеде өткізген әрбір сағат есіңізде қалар деген ойдамын!» – деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов. –  Бір аптадан аса уақытқа созылған экспедицияның нәтижесін айтпай кетуге болмайды. Маңғыстаудың табиғатын дүние жүзіне таныту осындай шаралардан бастау алуы тиіс. Табиғаттың жаратқан дүниесі адамның қолынан ешқашан келмейді. Осы бар байлығымызды көрсете алмай келеміз, бұл – біздің ең басты кемшілігіміз. Ал экспедицияның ең биік мақсаты да осы.   Алдыңызда отырған саяхатшылардың бәрі де – Маңғыстау елшілері. Олар Маңғыстау туралы жақсы әсерлерін жазып, керемет табиғатын сурет және видеомен бөлісетін болады», - деген сенім білдірді Марғұлан Сейсембаев.  

Маңғыстау табиғатын көргенде, саяхатшылар көзіне жас алды

Марғұлан Сейсембаевтың айтуынша, Бозжыраға келгенде бірнеше адам көзіне жас алыпты.  «Мұндай табиғатты көрген де, көрмеген де арманда!  Біз Қазақстанда осынша жыл өмір сүріп, мұндай табиғатты қалайша көрмедік? Босқа өмір сүргендейміз», - деді олар. - Маңғыстаудың әрбір табиғи жерін көрген сайын, «Бұл шын мәнінде Қазақстан ба?» деп ойладым. Тәжірибеде еліміздің барлық қалаларында болғанмен, қала сыртынан шықпаған екем. Бұл сапардан соң елімізге, қасиетті жерімізге деген махаббатым артты», - дейді экспедиция мүшесі, әйгілі скрипкашы Гаухар Мырзабекова. 1956 жылы дүниеге келген әрі педагог-профессор әрі  скрипкашы Гаухар Мырзабекова мұндай саяхат әрбір қазақстандық үшін, жалпы қоғам үшін керек екендігін қадап айтты. Ел танып, жер көрудің рахаты да, ләззаты да осында. Табиғаттан күш-қуат, шабыт алу керек деген ойын да жасырмады. Бұл экспедицияға Республикаға белгілі қоғам қайраткерлері, билік өкілдері, сондай-ақ, Ресейден, Қырғызстаннан және де өзге көршілес мемлекеттен келген жас азаматтар да қосылды. Ал Маңғыстау өлкесінен гид ретінде белгілі геолог Бекболат Төлегенұлы бастаған жастар бекітілген. «Маңғыстау – жай келіп, көріп қана кететін жер емес, тарихтың бір тамыры басталған жер.  Біз қайда жүрсек те, Маңғыстаудың тылсым табиғатын қуана еске алып, жер-жерге насихаттайтын боламыз», - дейді Марғұлан Сейсембаев. Айта кетейік, «Nomad Explorer» экспедициясы Маңғыстау өңірін 8 тәулік бойы аралаған. Былтыр бір апта бойы Ұлытау мекеніне сапар шеккен «Nomad Explorer» биыл біздің өлкеге табан тірепті. Саяхатшылар тарих қолымен қашалған табиғи мүсіндерді тамашалап, киелі орындарды аралап, зиярат-қорымдарда түнеді. Түбекті мекен еткен аң-құс, жәндік, өсімдік түрлерін зерттеп, қажетті мағлұмат жинақтады. – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деген мақаласында туған ел, туған жер туралы керемет ой қозғалды. Қазақтың сары даласын аралаған сайын адамның бойына патриоттық сезім ұялайды. Маңғыстаудың тылсым табиғаты, тау-тасы, құмы – мен сияқты келген барлық қатысушыларға ерекше әсер етті. Біз өзімізге үлкен жаңалық ашқандай болдық. Шөлейтті далада жүріп-ақ, көп сырға қанық болдық, - дейді «Nomad Explorer» ұйымдастыру комитетінің мүшесі Қайсар Тұрсынғожа. Ендеше, алдағы уақытта сурет, видео, фильм сияқты өнімдер арқылы экспедиция жемісін көретін боламыз.

 Айгүл ДӘДЕН

Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

   
1977
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
жаңалықтар жастар беті қазақстан жаңалықтары маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Мерекеге орай жастар флешмоб ұйымдастырды (ВИДЕО)

Келесі жаңалық

Ералы Тоғжанов Отан қорғаушылар күнімен құттықтайды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    "Nomad explorer» Маңғыстаудағы экспедициясын аяқтады (ФОТО)

    [ 2017 ] 6 мамыр, 18:26
    1978

    Жаңаөзендік оқушы Қазақстанда алғаш рет робот-даяшы жасап шығарды (ФОТО)

    [ 2017 ] 28 ақпан, 05:29
    1612

    Келесі жылдан бастап студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға өседі

    [ 2019 ] 10 желтоқсан, 06:41
    1416

    ҰБТ - білім бағасы

    [ 2017 ] 26 маусым, 06:33
    1174

    Маңғыстаулық оқушылар командасы олимпиадада бас жүлде алды (ФОТО)

    [ 2017 ] 29 наурыз, 05:50
    1271

    #АнашымМаскаТақтыңызБа: Ел жастары жаңа челлендж бастады

    [ 2020 ] 22 шілде, 11:05
    1466

    Рубрикалар

      МаңғыстауРедакцияБайланыс мәліметтеріМәдениетБайқауҚоғамҚарақия

    Автордың басқа да жазбалары

    IBF Головкинді чемпион атағынан айырды

    [ 2018 ] 7 маусым, 12:08
    1675

    Парақор туралы ақпарат берген адамға 240 мың теңге сыйақы беріледі

    [ 2018 ] 7 маусым, 11:55
    1925

    «AKTAU.GOV» мобильді қосымшаcы арқылы арыз жаза аласыз!

    [ 2018 ] 6 маусым, 07:38
    2203

    Ақтауда 97 үйге street art стилімен суреттер салынады

    [ 2018 ] 6 маусым, 06:08
    2367

    13-шағынаудандағы спорт алаңына FIFA стандартына сай газон төселіп жатыр (ФОТО)

    [ 2018 ] 5 маусым, 13:22
    1746

    «Ең басты өзгеріс - мән-мағынасы жоқ шаралардан бас тарттық»

    [ 2018 ] 5 маусым, 07:19
    1903

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»