©
Ақтау қаласы бойынша 64 спорт алаңына күрделі жөндеуден өткізу қажет. Осы мәселе төңірегінде 61 кәсіпкерге «Ақтау серпіні» жобасы бойынша тегін жөндеуден өткізу туралы ұсыныс айтылды. Бұл туралы қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қанат Жұмабаев мәлімдеді.
- Сондай алаңдардың бірі 13-шағынаудандағы 21-орта мектепке қарасты футбол алаңына жөндеу жұмыстары басталып кетті. Біздің мақсатымыз – балалардың футбол ойнауына мүмкіндік жасау. Аумағы 60*40 болатын алаң кәсіби футбол ойналатын аймаққа айналады. Еуропа бойынша өте сапалы, әрі FIFA стандартына сәй газон төселеді, - дейді "Намыс" жобасының авторы, кәсіпкер Ануарбек Аббасов.
Ануарбек Аббасов мектеп алаңын жөндеуден өткізудің маңызын атап өтті.
«Шағынаудандар ішіндегі футбол алаңын жаңартатын болсақ, бір-екі жылда тозығы жетеді. Яғни, тұрғындар, соның ішінде балалар алаңның бар жабдықтарын қиратып кетуі мүмкін. Ал мектеп ауласы – мемлекеттік қорғалатын аймақ. Мұнда спорт алаңын ұқыпты сақтауға мүмкіндік бар», – дейді ол.
Ал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қанат Жұмабаев мектеп ішіндегі алаңдарды жөндеумен шектелмеу қажеттігін айтады. "Мектеп оқушыларынан бөлек, жастар да, ересектер де футболмен айналысқысы келеді. Сол себепті әкімдік шағынаудандар ішіндегі алаңдарды да жөндеу қажет деп тапты. Жөндеуді қажет ететін 64 спорт алаңының ішінде шағынаудандарда орналасқан алаңдар да бар, - деді ол. ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қауіпсіздік техникасы — адам өмірінің арашасы- Бір жағынан, мектеп жанынан заманауи футбол алаңы салынғаннан кейін арнайы футболға бейім жастардан құралған мамандырылған класс ашу ойда бар. Яғни, балаңыз кәсіби түрде футболмен айналысқысы келсе, міне алаң, міне клуб, – деді Ануарбек Аббасов.
Ал неліктен 13-шағынаудандағы мектепті таңдадыңыз деген сауалымызға меценаттың жауабы дайын. «13 Ақтау бойынша әлі күнге дейін криминал шағынаудан саналады. Бұл маңда бұзықтыққа салынып жүрген жас буын көп. Оларды спортқа қызықтыру, уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасау – біздің міндетіміз», – деп жауап берді ол.
Биыл Ақтау қаласының 55 жылдығына орай «Ақтау серпіні» жобасы негізінде 10-ға жуық спорт алаңы жөндеуден өтпек.
Айгүл ДӘДЕН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="55565,55562,55556,55563"]