Имаммахмут Шагирбаев Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ол 1988 жылы 31 қазанда Маңғыстау облысында туған. Ол - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеттерінің әлеуметтік жұмыс, экономика және құрылыс салалары бойынша түлегі. Жалпы еңбек өтілі - 11 жылдан астам.
Еңбек жолын 2010 жылы Ақтау қаласы әкімі аппаратының іс жүргізушісі ретінде бастаған.
2011-2013 жж. дейін Ақтау қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімі бас маманының міндетін атқарушысы.
2013 ж. қаңтары-2013 ж. мамырына дейін Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының Инвестициялық және инновациялық саясат бөлімінің инфрақұрылымдық жобалар жөніндегі бас маманы.
2013 - 2018жж. «Амиран» ЖШС директорының орынбасары.
2018-2019жж. Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы Сәулет және қала құрылысы кадастры бөлімі басшысының міндетін атқарушысы.
2019 жылдың ақпанынан бастап наурызға дейін Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы Сәулет және қала құрылысы кадастры бөлімінің басшысы.
2019 - 2021 жж. Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылыс басқарма басшысының орынбасары.
2021-2022жж. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті тұрғын үй құрылысы және жаңа құрылысқа инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту басқармасының бас сарапшысы.
2022 жылдың 16 тамызынан бастап осы күнге дейін Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары міндетін атқарды.