Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Каспий» футбол клубы шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорнына жаңа басшы болып Жалғасбаев Нұржан Жармедетович тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жалғасбаев Нұржан Жармедетович 1983 жылы 9 наурызда дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2004 жылы Қазақ гуманитарлық Заң университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.
2010 жылы Қазақ инновациялық-гуманитарлық Заң университетінде
«Экономика» мамандығы бойынша білім алған.
* 2004 – 2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында және әскери қарулы күштерінде қызмет атқарған;
* 2011 – 2015 жылдар аралығында «Қазақстан спорттық технологиясы» ЖШС – бас менеджер;
* 2015 жылы «Қайсар» кәсіби футбол клубы» бас директоры;
* 2013 – 2014 жылдар аралығында «Бипэк Лизинг» ЖШС – комерциялық директор қызметін атқарған;
* 2016 – 2017 жылдар аралығында «ТЭК – Казахстан» ЖШС – директор;
* 2018 – 2020 жылдар аралығында «Алатау Плаза» ЖШС – директор;
* 2021-2023жылдар аралығында «Боксинг Лига» ЖШС – атқарушы директор;
* 2023 жылдан қазірге дейін «Каспий» футбол клубы шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын басшысының уақытша міндетін атқарушы қызметін атқарды.