Жаңа басшыны Маңғыстау облысының қазақ күресі федерациясының президенті Сағынғали Қылышбаев тағайындап, сәттілік тіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бейнеу өңірінде күрес түрлерінің, оның ішінде қазақ күресінің дамуына өзіндік үлесін қосып, жанашырлық танытып жүрген азаматтардың бірі – Рахымжан Шалбаев.
Рахымжан Ысқақұлының есімі өңіріміздің күрес мамандары мен жанкүйерлеріне жақсы таныс. Облыстық қазақ күресі мектебінде жұмыс жасаған 2015-2018 жылдары, қазақ күресінен қалалық, облыстық деңгейде шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға мұрындық болды.