
Бүгін теңіз жағалауынан алыстап кеткен екі адам құтқарылды. Оқиға Қарақия ауданында Каспий теңізінің жағалауында болған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Теңіз жағалауын патрульдеу кезінде болған ТЖМ құтқарушылары 2003 жылы туған әйел мен 2015 жылы туған баланы құтқарып, жағаға жеткізді.
- Ағын оларды үрлемелі шеңберімен жағадан алысқа алып кеткен. Медициналық көмек қажет болмады. ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды! - делінген хабарламада.