Бүгін, 22 тамызда Ақтаудағы бірнеше шағынауданда жарық сөніп, тұрғындар сусыз қалады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«КЖСА» баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, төрт шағынаудандағы су құбырына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, салдарынан ауызсу беру уақытша тоқтатылады.
Келесі шағынаудандарда ауызсу өшірілді:
- 22 шағынауданы, №9 үй, шамамен сағат 15.00-ге дейін;
- 6 шағынаудан, №36 үй, шамамен сағат 17.00-ге дейін;
- 1 шағынаудан, №21 үй, шамамен сағат 17.00-ге дейін.
Сонымен қатар 28 шағынаудан №3 үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, техникалық су сағат 20.00-ге дейін берілмейді.
«МАЭК» баспасөз қызметі де ОСЖТ-3-те шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін техникалық су уақытша өшірілетінін айтты.
«ОСЖТ -3-те шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаланың төменгі және жоғарғы аймақтарына техникалық су беру сағат 09:00-ден 23 тамыз сағат 09:00-ге дейін уақытша өшірілетінін хабарлаймыз», - делінген хабарламасында.
Ал «АЭЖБ» ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмейтінін атап өтті.
Жарық сөніп қалғанда, 57-12-08 нөміріне хабарласа аласыз. «Каспий Жылу, Су арнасы» МКК жедел-диспетчерлік қызметі: 60-53-18 және 60-53-16.