Былтыр ЖЭО-1 су жинайтын каналында теңіз суы деңгейі төмендеп, нәтижесінде су қатуына байланысты өнеркәсіптік тұтынушылар мен Каспий тұщыту зауыты үшін шектеулер енгізілген еді. Кейін Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының тұрғындары ауыз сусыз қалды. «МАЭК-те» биыл сол жағдайдың қайталану қаупі жоқ, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
1-ЖЭО су жину каналы «МАЭК» ЖШС-не тиесілі, сол арқылы теңіз суы Каспий тұщыту зауытына жіберіледі. Сол тұщытылған су Мұнайлы мен Қарақия аудандарының тұрғындарына беріледі.
– Өткен жылы ЖЭО-1 арнасында судың қатып қалуы мен таяздану жағдайы болған. Қазіргі сәтте біз су арнасын толық тазалап болдық. Бүгінгі күні оның халықты есептелген мөлшердегі сумен қамтамасыз етуге жеткілікті сыйымдылығы бар әрі су қоры да жеткілікті. Өздеріңіз білетіндей, Каспий теңізінің ең жоғарғы қату деңгейі 20 сантиметрді құрайды. Сондықтан арнаның бар тереңдігін ескере отырып, біз кез келген қауіп-қатерге жол бермейміз, - деді «МАЭК» ЖШС жөндеу департаменті директорының орынбасары Алексей Смоленский.