© Сурет: қала әкімдігінің баспасөз қызметінен
Ақтауда 4 шағынауданда орналасқан кәсіпкерлік нысан аумағы жасыл оазиске айналған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кәсіпкерлік нысанның құрылысын жүргізбес бұрын жоба жасақталды. Жобаны жасақтау барысында нысанның бір бөлігі абаттандыруға және көгалдандыруға бөлінген. Кәсіпкерлік нысан қызметкерлерінің айтуынша, жасыл желектің климатқа дұрыс бейімделуі үшін арнайы құм әкелінген. Нысан маңына туя, акация сынды ағаштар отырғызылып, жарық бағаналары орнатылған. Кәсіпкерлік нысанның операциялық директоры Анжелика Самокиш қала кәсіпкерлерін нысан аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге шақырды.
- «Бархан burger shop» желісі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдайды. Жасыл желекті күтіп баптау жұмыстарын жүргізу үшін қызмет көрсетуші мекемемен келісімшартқа отырдық. Тазалыққа жауапты бағбан жасыл желектерге күнделікті күтім жасайды. Нысан маңына тек келушілер ғана емес, қала тұрғындары да келіп демалады. Әсіресе, кешкі мезгілде серуендеп келетіндер көп, - деді «Бархан burger shop» желісінің операциялық директоры Анжелика Самокиш.