Баянауыл баурайында қазақтың көрнекті ғалымы, академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай «Қазақ ғылымының атасы» атты республикалық айтыс ұйымдастырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты pavlodarnews.kz сілтеме жасап.
Аламан айтыста Аспанбек Шұғатай, Рауан Қайдар, Нұрқанат Қайрат, Тілеген Әділов, Айтбай Жұмағұлов, Айтбек Тұрсынбай, Еркебұлан Қайназаров, Нұрлан Есенқұлов, Нәрия Ақбабақызы, Батыржан Кәдірбай және маңғыстаулық Абай Жолмағанбет өнер көрсетті.
Айтыс қорытындысы бойынша 3-орынды Нұрлан Есенқұлов пен Рауан Қайдаров иеленсе, 2-орынды Тілеген Әділов қанжығалады. 1-орынды маңғыстаулық Абай Жолмағанбет алды. Ал бас жүлде мен автокөлікті Аспанбек Шұғатаев алды. Сондай-ақ Мәшһүр Жүсіп жүлдесіне, яғни 700 мың теңгеге Еркебұлан Қайназар ие болды.
Айта кетейік, айтыста 1-орынға үш миллион, 2-орынға екі миллион, 3-орынға бір миллион теңге табысталды.