• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 6 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

    Ақтауда спорт жарыстарына қатысатын балалар қауіпсіздігі талқыланды

    17 тамыз, 16:01  |  Жаңалықтар

    Ақтауда облыс әкімдігінде "Спорт турнирлері мен жарыстардың өткізілуіне бақылауды күшейту және балаларды тасымалдау кезінде заңдылықтың сақталуын қадағалау" тақырыбын талқылауға арналған басқосу өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

    Облыс әкімінің орынбасары Звира Есбергенованың төрағалығымен өткен жиынға қала, аудан әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасарлары, спорт, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі, ішкі саясат басқармасының өкілдері мен облыс әкімінің отбасы мәселелері бойынша кеңесшісі, Бала құқығы жөніндегі уәкіл, облыстағы спорт федерациясы басшылары, полиция департаменті, қала, аудандардағы спорт бөлімдерінің, мекемелерінің, спорт кешендерінің басшылары, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның мүшелері арнайы қатысты.

    Таяуда Ақтөбе облысынан Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында жеке меншік қор ұйымдастырған футбол турниріне келе жатқан балалар жол апатына ұшырап, 8 адам қаза тапқан болатын. Осыған орай, келеңсіз жайттардың алдын алу мақсатында тиісті ұсыныстар айтылып, дене шынықтыру және спорт басқармасының және өзге де құрылым өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.

    "Таяуда Ақтөбе облысынан Маңғыстауға келе жатқан балалар мінген көлік жүк көлігіне соғылып, 8 адам мерт болды. Оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған 5 бала бар. Қайғылы жағдай неден шықты? Бұл жарысты жеке қайырымдылық қоры ұйымдастырмақ болған. Бұл туралы спорт басқармасы секілді тиісті орындарға мүлде ескертілмеген. Полиция департаменті балалар мінген көлік жолға шыққанын білмеген. Өңірде спортқа құштар балалар көп. Олардың спорттық жарысқа қатысатын кезде тиісті қауіпсіздігі ескеріліп, арнайы көлікпен бастап жүруге мән беру керек. Жазғы демалыстың өзінде балаларды лагерге апаратын кезде мұндай жағдай ескеріле бермейді", - деді Звира Есбергенова.

    Ал облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мақсат Мұқаш бұл жағдайдың аса өзекті екенін айта келе, тиісті тұлғаларға қатысты арнайы шара қолданылатынын жеткізді.

    "Оқушылардың спорттағы жетістігінен гөрі олардың қауіпсіздігі аса маңызды. Өздеріңіз білетіндей, Ақшұқыр ауылындағы жекеменшік спорт кешенінде қайырымдылық қоры турнир ұйымдастырған. Осыған қатысуға келе жатқан балалардың қайғылы оқиғасы тіркелді. Биыл мұндай оқиға бірнеше рет елімізде тіркелді. Таяуда Қарағанды облысында көкпаршылар апатқа ұшырап, 2 адам бақилық болды. Олар қыркүйекте Астанада өтетін Дүниежүзілік Көшпенділер ойынына қатысуы тиіс болған еді. Жалпы, Түпқараған ауданында өткен жарыс біздің басқармамен келісуінсіз ұйымдастырылды. Өңірдегі барлық қала, аудандардағы жарыстарды қадағалап отыруға біздің мамандардың толық қауқары жетпейді. Сол салаға жетекшілік ететін әкім орынбасарлары мұндай шараларды тоқтауы тиіс. Басқарманың ұсынысы жергілікті полицияға ұсыныс беріп, келісімсіз жарыс өткізгендерге әкімшілік айыппұл салуға мәжбүрміз. Мұндай жағдайлар жиі тіркелуіне байланысты тиісті тұлғалардың үстінен облыс әкіміне қызметтік хат жазатын боламыз", - деді Мақсат Мұқаш.

    Оның айтуынша, Жаңаөзендегі спорт мектебінің дзюдо жаттықтырушысы балаларды жарысқа апара жатып, жол апатына түскен. Көлік басқарған жүргізуші қарсы беттегі көлікке соғылып, адам өлімі тіркелген. Қазіргі уақытта бапкер сот үкімімен екі жарым жылға бас бостандығынан айырылған.

    Өз кезегінде Полиция департаментінің өкілі қауіпсіздік шарасын үнемі қаперде болуын айтып, ата-аналар да бала тәрбиесімен бірге олардың қараусыз қалмауына назар аударды. Себебі, өңірде үйде қараусыз қалаған балалардың жазатайым жағдайға ұшырау деректері көбейген. Оның ішінде, суға бату, терезеден құлау, жол апатына ұшырау секілді деректер қатары жиілеген.

    377
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Бүгін – Халықаралық Каспий күні

    Келесі жаңалық

    Көлік министрі Маңғыстаутаудағы теңіз порттарын дамыту жоспарының іске асырылуын тексерді

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Рубрикалар

        ДенсаулықҚазақстан жаңалықтарыҚұқықҚызық дерекСаясатРедакция ұжымыРухани жаңғыруМәдениетӘлем жаңалықтарыАНТИКОРЖаңалықтар

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстау жастары «Жарқын болашақ» бағдарламасымен колледждерге оқуға түсе алады

      23 тамыз, 14:18
      6484

      Нұрдәулет Қилыбай Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілін қабылдады

      23 тамыз, 14:14
      2495

      Адам папиллома вирусына қарсы вакцина қаншалықты сенімді?

      23 тамыз, 13:46
      2629

      Бүгін Ақтауда бірнеше шағынауданда жарық пен су болмайды

      22 тамыз, 10:39
      1162

      Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы: Маңғыстаулық айтыскер 1-орын алды

      17 тамыз, 22:45
      531

      Ақтау мен Алматы арасындағы әуе рейстің саны артады

      17 тамыз, 21:49
      429

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»