Маңғыстау облысының 18-22 жас аралығындағы жастары «Жарқын болашақ» бағдарламасымен колледждерде оқуға білім грантын алуына мүмкіндік бар, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қабылдау 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Білім ордаларының ішінде Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі, Республикалық жоғары медициналық колледжі (Алматы), Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының колледжі (Алматы), Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжі (Алматы), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің колледжі (Астана) және басқа да оқу орындарына жүргізіледі. Колледждер қатарында Алматы, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар секілді өңірлерде орналасқан білім ордалары бар.
«Жарқын болашақ» грант бағдарламсын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы қаржыландырады.
Грант иегерлеріне жоба үйлестірушілері толығымен ақпараттық, логистикалық және психологиялық қолдау көрсетіп отырады. Олармен үнемі байланыста болып, бағыт-бағдар береді. Грант иегерлерінің оқу ақысы төленіп, жоғарылатылған шәкіртақы тағайындалады. Оқу демалысындағы жол шығындары белгілі мөлшерде өтеледі.
2023-2024 оқу жылында маңғыстаулық 449 жоғары сынып оқушысы еліміздің түрлі өңірінде орналасқан білім беру мекемелеріне гранттық негізде оқуға қабылданды. Оның ішінде Бурабайдағы IQanat мектеп-интернаты да бар. Оқушылар Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде, сондай-ақ Қазақстан бойынша түрлі өнер колледждері мен спорттық оқу орындарында оқиды.
Өтініштерді zharqynbolashaq.kz сайты арқылы беруге болады.