Биылғы «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешітінде «Зекет және қайырымдылық» қоры «Қолдан қолға» қайырымдылық акциясын өткізіп,1 400 000 теңге көлемінде қаржылай зекет таратты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Нақтырақ айтқанда, 11 отбасындағы мектеп жасындағы 28 баланың әрқайсына 50 мың теңге ақшалай көмек берілді.
Мешіттің наиб имамы Іздібай Бегенұлы мұқтаж жандарға қаржылай зекетті табыстап, оларды кездесіп жатқан қиындықтарға мойымауға, сабырлы болуға шақырды. Ал көмек алған ата-аналар мешіт ұжымына алғыс айтып, Алланың разылығын тіледі.