Ақтауда 19 шағынаудан тұрғындары жарықсыз қалды
13 шілде, 19:03 | Маңғыстау жаңалықтары
Ақтауда 19 шағынаудан тұрғындары тек судың ғана емес, жарықтың да жоқ болғанына шағымданып жатыр. Олар түстен бері жарықсыз отырғанын айтады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ал жауапты мекеме жарықтың өшіп қалу себебін екі басты қуаттаушы кабельдің зақымдалуынан деп отыр.
- Қазір "АЭЖБ" МКК лабораториясы ақау болған жерді анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ақау анықталған соң кабельщиктер бригадасы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Сондықтан жарықтың нақты қосылу уақытын айта алмаймыз, - дейді АЭЖБ мамандары.
Кеше де дәл осындай жағдай болған, бірақ кейін басты кабельдердің бірі іске қосылған. Алайда жоғары жүктемеге байланысты ол қысымды көтере алмай отыр. Бүгін екеуін де қалпына келтіреді.
402
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.