Маңғыстау облысында «Игі істер марафоны» аясында «Экология» апталығы жалғасуда, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен «Плоггинг және жүгір» сенбілігі өтті. Шараның мақсаты - экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тазалық жұмыстарын жасап, қала тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға шақыру.
Сенбілік Ақтау қаласы теңіз жағалауында өтті. 300-ге жуық жас сенбілікке қатысты және 10-ға жуық техника жұмылдырылады. Сенбілік барысында 85 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Айта кетейік, «Игі істер марафоны» ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің тапсырысы негізінде орындалып жатыр.