• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 6 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау...

    Әдептілік-адамгершілік бастауы

    8 қараша, 15:41  |  Маңғыстау жаңалықтары

    Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, қорғаны – сабыр, жолдасы – кәсіп, қорғайтын қорғаушысы – мінез, бәрін тәртіпке реттейтін – әдептілік.

    Әдептілік-қалыптасқан ұлттық мәдениеттің белгісі, ұлттық қазақи тәрбиенің ізгі бастауы. Ғұлама философ, ғалым Әбу-Насыр әл-Фараби әдепті жақсылық пен жамандықты айыруға мүмкіндік беретін ғылым деп қарастырып, «Әдептілік-әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы, қазынасы»,- деп айтқан.

    «Әдеп» сөзі моральдық категория, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптар деген мағынаны білдіреді.Халқымыздың осынау «әдеп», «әдептілік» ұғымының мәнісі тамыры терең ұлттық рухани мәдениетімізден бастау алады. Олай дейтініміз, адамның сөйлеу мәнері, іс-қимылы, жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі оның мәдениетті, әдепті екендігінің көрсеткіші. Адамның бойынан әдептілік қасиеттің көрінісі — ол парасаттылық пен адамгершілік. Әдептілік – адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы болып табылады.

    Жақсы әдет, жақсылық жасау бұл қай жерде болмасын – өнеге, өсиет. Әдептілік – тәрбие белгісі. Жұрт алдында әдептілікті сақтау – мәдениетті болудың басты белгісі. Мәдениетті адам ешқашан дөрекі мінез танытпайды, жат қылық жасамайды.

    Соның ішінде ел тізгінін ұстап, халыққа қызмет жасап жүрген мемлекеттік қызметшілер жоғары мәдениеттің, парасаттылық сыпайылық, кішіпейілділік, әдептіліктің мінсіз бейнесін халыққа көрсетуі тиіс. Демек, қоғам арасында мемлекеттік қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, сенімділік қалыптасуы қажет.

    Олай болса, кім-кім де әдеп нормаларын аттап кетпей, өзінің барлық іс-әрекеттерін әдеп қағидаларымен бағамдап, мінез-құлқын әдеп ережелеріне сай ұстай алғанда ғана тіршіліктегі көздеген өз орнын таба алады. Адам әрдайым тек сырт сұлулығымен емес, ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі.

    Мемлекеттік қызметшілердің әдебі олардың қызметінен тыс кезде де өзінің адалдығына, ар-ұятына қатысты сырт көздің күмәнін тудырмау, әдеп талаптарын сақтап, оны мүлтіксіз орындау қоғамдағы жауапкершілігі мен міндеті болып саналады.

    Маңғыстау облысы бойынша

    Қазынашылық департаменті

    басшысының орынбасары Майра Сардарбек

    1447
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

    Келесі жаңалық

    "Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті"

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      «Маңғыстау Медиа» ЖШС-нің жаңа ғимараты ашылды

      [ 2021 ] 29 маусым, 14:20
      5000

      Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

      [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
      5277

      ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

      [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
      4915

      "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

      [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
      4184

      "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

      [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
      4229

      Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
      5160

      Рубрикалар

        ҚұқықЖастар бетіМаңғыстау жаңалықтарыАшық қоғамАуыл өміріМаңғыстауҚоғамСұхбатЖаңалықтарТүпқарағанБайқау

      Автордың басқа да жазбалары

      "Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті"

      8 қараша, 15:46
      5501

      Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

      8 қараша, 15:30
      1456

      Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

      4 қыркүйек, 17:12
      3081

      "Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қауіпсіздік клубын ашу мүмкіндігі"

      4 қыркүйек, 17:10
      6739

      Жаңашыл педагог

      4 қыркүйек, 17:08
      3072

      Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы

      4 қыркүйек, 17:05
      3002

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»