Құрылыс саласында дуальды оқытуды дамытуда Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің іс - тәжірибесі.
Техникалық және кәсіптік білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған ең өзекті міндеттерінің бірі — еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатын бәсекелестікке қабілетті кәсіби мамандар дайындау.
Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі.
Дуальды оқыту жүйесі алғаш рет Германияда пайда болып, негізі қаланды. Халықаралық ынтымақтастық бойынша Германия қауымдастығы (GІZ) Федеральды Германия Республикасының Экономиканы даму және ынтымастық министрлігінің тапсырмасы бойынша GIZ және KNAUF компаниясымен бірлесіп, құрылыс саласындағы «Сылақшы» және «Құрғақ құрылыс маманы» біліктіліктері бойынша дуальды оқыту жүйесін дамыту мақсатында «Қазақстан Республикасының дуалды оқытудағы Стратегиялық альянсы» пилоттық жобасы 2019 жылдан бері іске асуда.
Бұл жобада кадрларды даярлау бойынша құрылыс компаниялары мен колледждердің тікелей байланысы құрылатын неміс дуальды оқыту жүйесі қолданылады. Жобаға Қазақстан оқу орындары арасынан іріктеліп 3 колледж 1 жоғары оқу орыны және Қырғызстан құрлыс колледжі енді. Жоба аясында колледжіміз «Сылақшы» және «Құрғақ құрылыс маманы» біліктіліктері бойынша оқу жұмыс жоспары әзірленіп, енгізілді.
2020-2023 жылдар аралығында құрылыс саласындағы арнайы пән оқытушыларына, өндірістік оқыту шеберлеріне, әлеуметтік серіктестерге, құрылыс компания жұмысшыларына «Әрлеу жұмысатрының жаңа технологиялары», «Аралық қабырғаларды монтаждау», «Қаптамалар мен бөлімдерді орнату» тақырыптарында қысқа мерзімді курстар, вебинарлар, тәжірибе алмасу семинарлары, «Стратегиялық альянс. Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек нарығының талаптарына сәйкес құрылыс мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары білім» тақырыбы бойынша 5 күн бойы республикалық семинар-тренингтеріне қатысып тәжірибеден өтті, құрылыс компанияларының басшыларына жоба тәжірибесін тарату жөніндегі кездесулер, семинарлар өткізілді.
Теориялық сабақтарға оқу-әдістемелік құралдар, видео презентациялар, плакаттар, жаңа технологиялар бойынша презентация материалдарымен, тәжірибелік сабақтарды, кәсіптік тәжірибені сапалы, демонстрациялық емтихандарды, WorldSkills кәсіптік шеберлік чемпионатын өткізу үшін тегін құрғақ құрылыс материалдарымен, заманауи құрал-жабдықтарымен, аспаптармен қамтамасыз етті.
Дуалдық жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің – өзара байланысын, өзара әсерін, өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз.
Қорытындылай келе, оқу үрдісіне дуалды оқыту жүйесін енгізу арқылы күтілетін нәтижелер аз емес дегім келеді.Олар:
-теория мен тәжірибе сабақтар арасындағы алшақтық жойылады;
-түлектердің жұмысқа орналасу мәселесі оң шешімін табады;
-оқу орны жұмыс берушінің болашақ мамандарға деген талаптарын үнемі ескеріп отырады.
Джумагазиева Шара Каниевна,
Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық
колледжінің арнайы пән оқытушысы,
техника ғылымының кандидаты