2024 жылдың мамыр айынан бастап, Маңғыстау облысы әкімінің жеке қабылдауына жазылған тұрғындардың саны күрт өскен, - деп жазады mangystaumedia.kz
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,
2023 жылдың мамыр айында - 36 адам, 2024 жыл мамыр - 107 адам;
2023 маусым 45 адам, 2024 жыл маусым 153 адам;
2023 жыл шілде 49 адам, 2024 жыл шілде 148 адам,
2023 жыл тамыз 50 адам, 2024 жыл тамыз 183 адам жазылған.
Нұрдәулет Қилыбай өңір тұрғындарын жеке мәселесімен аптасына бір күн тұрақты түрде қабылдауда. Мамыр-тамыз айы аралығында аймақ басшысы 600 ден астам қала, аудан азаматтарын қабылдады.
Бүгін де облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай азаматтардың шағымдарын, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Кездесу барысында тұрғындар негізінен жұмыссыздық, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй алу және т. б. мәселелерді көтерді.
Өңір басшысы тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлерін мұқият тыңдап, әрбір мәселені жеке қарастырып, қажетті шараларды қабылдау үшін жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.