23-26 шілде аралығында Маңғыстауға «ҚР Президентінің Іс басқармасынан» дәрігерлер келеді. Сапардың басты мақсаты – аурудың алдын алу, диагностикалау және емдеу. Денсаулықты жақсарту саласында заманауи әдістер арқылы тәжірибе алмасу, сондай-ақ облыстағы медициналық мекемелермен ғылыми және клиникалық ынтымақтастықты кеңейту, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоғары білікті мамандар аймақ тұрғындарына тегін практикалық, консультативтік және әдістемелік көмек көрсетіп, облыстағы медициналық мекемелерде тәжірибелік сабақтар мен шеберлік сағатын өткізеді.
Сонымен қатар Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында науқастарды тегін қабылдайды:
• 23 шілдеде ҚР ПІБ Медициналық орталығынан келген эпилептолог-дәрігер Ғазиз Қырғызбай науқастарды сағат 09:00-ден 16:30-ға дейін қабылдайды (науқастар ЭЭГ және МРТ болған жағдайда ғана қабылданады);
•23 шілдеде Алматы қаласындағы «Ұлттық госпитальдің» эндокринолог дәрігері Әсем Ибраева сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін кеңес береді.
•24 шілдеде Ұлттық госпитальдің пульмонолог дәрігері Бибінұр Рахметова сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін кеңес береді.
• 25 шілдеде сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін «Ұлттық госпитальдің» профессоры, м.ғ.к., доцент, кардиолог-дәрігер Қайрат Кәрібаев кеңес береді.
• 25 шілдеде ҚР ПІБ Медициналық ауруханасындағы аллергологиялық орталықтың дәрігері Ботагөз Давлетова кеңес береді. Қабылдау сағат 14:00-ден 16:30-ға дейін жүргізіледі.
• 25 шілдеде ҚР ПІБ Медициналық орталығы 4-хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі уролог дәрігер Бақтияр Қасымов сағат 14:00-ден 16:30-ға дейін консультация береді.
Дәрігердің қабылдауына жазылу үшін алдын ала 8 (7292) 210 317 нөміріне хабарласыңыз.