Маңғыстау облысында 6 айда 34 адам АИТВ инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы облыстық ЖИТС қарсы күрес және алдын алу орталығы мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
2023 жылдың осы кезеңінде АИТВ инфекциясының 43 жағдайы тіркелген. АИТВ инфекциясын жұқтыру жағдайы 16,2%-ға төмендегені байқалады.
- АИТВ инфекциясының кең таралған жолы - жыныстық қатынас. Жыныстық инфекциялар көбінесе жыныс мүшелерінің шырышты қабығының тұтастығы бұзылуымен (жаралар, көпіршіктер, эрозиялар, жарықтар) жүреді, бұл вирустың таралуына үшін қауіп фактор. АИТВ инфекциясы жыныстық қатынастың барлық түрінде берілуі мүмкін. Сонымен қатар қан арқылы (қан мен оның компоненттерін құю кезінде, сондай-ақ зарарсыздандырылмаған шприцтерді немесе инелерді пайдалану кезінде) және трансплацентарлы жолмен (анадан балаға жүктілік кезінде, емізу кезінде) жұғады,- дейді облыстық ЖИТС қарсы күрес және алдын алу орталығының мамандары.
Жалпы Маңғыстау облысында АИТВ-инфекциясының 676 жағдайы тіркелген.