Бүгін Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінде өкпеге түскен қатерлі ісікті ерте сатыда анықтау мақсатында «Ашық есік» күні өтті. Тексерілуге жалпы саны 40 адам келіп, олардың барлығы мамандардан тегін кеңес алды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Орталықтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, онкологиялық диспансерге келіп тексерілгендердің 5-нен қатерлі ісік алды жағдайы, тағы 10 тұрғыннан басқа да ауру түрлері анықталған. Ал, 11 адам маммография, УЗИ - 18, КТ – 22, цитология-13 адам, барлығы 64 тұрғын тексерілуден өтті.
Дәрігерлер өкпе қатерлі ісігінің ас қауіпті, әрі адам ағзасына ауыртпалық салып, білінбейтін дерт екендігін ескертеді. Сондықтан тұрғындардың өз денсаулығына бейжай қарамай, медициналық тексерілуден өтіп тұруы маңызды екендігін айтады.